{metadescription}
Өскемен тұрғындары қыстың көзі қырауда көмірсіз қалды
Өскемен тұрғындары қыстың көзі қырауда көмірсіз қалды

Өскемен тұрғындары қыстың көзі қырауда көмірсіз қалды

Қазір қоймалардың алды қара отын іздеген көліктердің ұзын-сонар кезегінен көрінбейді. Ал шенеуніктер көмір өңірге кестеге сәйкес түсіп жатыр деп, қалыптасқан жағдайға тұрғындардың өздерін кінәлап отыр.  

Көмір қоймаларының алдында бірнеше тәулік бойы кезегін күткен  жүргізушілер кабинада түнеп жүр екен. Әсіресе, алыс ауданнан келгендерге қиын. Шығыс жұрты Қаражыра кенішінен шығатын көмірді тұтынады. Оның тоннасы 8 мың теңге. Шенеуніктер басқа өңірлердегі әріптестерінің айтқандарын қайталап, мұндай жағдайдың қалыптасуына бір жағынан ала жаздай бейқам отырған тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Күн суығанда ғана қоймаларға лап қойған олар енді ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр.  Вагондардың жетіспеушілігі де мәселені ушықтырып тұр екен. Мысалы, тек мына қоймаға күніне көмір тиелген 8-10 вагон келуі тиіс екен. Алайда соңғы екі күнде мұнда ешқандай қара отын түспеген.

Иван Тимофеев, «ВЭУС» ЖШС директоры:

-Осы айда біз жоспарланған көлемнен 63 вагон көмір кем алдық. Ақшасы алдын ала төленіп қойған. Бірақ отын жоқ. Егер біздің тапсырысымыз дер кезінде орындалса, мұндай жағдай болмас еді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде