Теміртаудағы метталургиялық комбинатта газ құбыры жұмыс берушінің салғырттығынан жарылған
Апаттан соң «Арселор Митттал» компаниясының өндіріс орнында тексеріс жүргізген арнайы комиссия осындай байлам жасады.
Автор: Саят Сабдалы
23.11.2017
12-ші қазанда комбинат аумағындаға газ құбырында жарылыс болған еді. Салдыранан сол құбырларға жөндеу жүргізіп жүрген 6 жұмысшы түрлі жарақат алған болатын. Комиссия тексерісі апатқа техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмағаны себеп екенін анықтады. Қазір комбинаттың түрлі деңгейде күйік алған 6 жұмысшысы ауруханадан шығып, үйлерінде емделіп жатыр. Олар жұмысқа жарамды болғанша компания есебінен жалақаларын толық алады. Ал комиссия шығарған қорытынды Теміртау қалалық ішкі істер басқармасына жолданған.
Нариман Қорабаев, Қарағанды облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының бас маманы:
-Кокс цехында жүргізілген жұмыс кезінде газ құбырының ішіндегі сұйықтық толық тазаланбапты. Сондықтан дәнекерлеу барысында құбырда қалған газ жарылған. Комиссия қортындысын құзырлы органға жібердік. Қылмыстық іс қозғау жайын полиция шешеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!