{metadescription}
0:000:00
Моншада жартылай жалаңаш сауық құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Моншада жартылай жалаңаш сауық құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Моншадағы сауыққа қатысты дау шиеленісе түсті. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бүгін тіпті қылмыстық іс қозғап, өзін парақорлармен күрескер ретінде сипаттайтын Тоқберген Әбиевті тергеуге де шақырыпты.

Өйткені, интернетте тараған видеода дәл осы Әбиев моншада үстел басындағылардың біріне жемқорлықпен күресуші қызметкер ретінде куәлік берген. Ал таспаны көрген ел бұл ұлттық бюроның адамдарды деген ой түйген.

Атышулы белсенді жалпы жалаңаш дүниелерді жақсы көретін сынды. Жеке кабинетінде де ерсі қылықты қыздардың картинасы толып тұр. Ал моншадағы еңгезердей еркектердің видеосы интернетте тараған соң, Тоқбергеннің танымалдылығы тіпті арта түскен. Таспаны қазір Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тексеріп жатыр.

Тоқберген Әбиев:

-Бүгін мені Ұлттық Бюроға  шақырды. Бюро қылмыстық іс қозғады. Осы ютубқа видео шыққаны үшін. Мен қылмыстық іс істеген жоқпын деп айттым.  Ол жерде мен Ұлттық бюро туралы ештеңе айтқан жоқпын.

Шу мына видеодан шыққан. Таспада Әбиев үстел басындағы бір адамға қызметтік куәлік табыстап, оны жемқорлықпен күресуші қызметкерлердің қатарына қосылуымен құттықтап жатыр.

-Сегодня, значит, принимаем очередного сотрудника департамента по борьбе с коррупцией города Актау. Ерик, ты вступаешь в ряды наши. Поздравляем с первой взяткой!

Әбиевтің өзі моншада қызыл куәлік таратқанынан еш әбестік  көрмейді. Журналист жемқорлыққа қарсы жеке департамент құрып алғанын айтады. Ал ара-тұра осылай саунаға еркектерді жинап, қызметке қабылдайды екен.

Тоқберген Әбиев:

-Эрикке моншада, Ақтауға барғанда бардым. Бесбармақ жасады уылдырқпен. Сол жерде жақсы көңілмен бердім. Арасында қалжыңдастық, енді видео кетіп қалды.

Ал Әбиевтің қолынан куәлік алған ақтаулық Эрик Магомедов.  Маңғыстау атом энергокомбинатында машинист болып жұмыс істейтін ол, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюродан кешірім сұрады. Айтуынша, құзырлы органға мүлдем қатысы жоқ.

Эрик Магомедов, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Записываю настоящее видео, чтобы разъяснить обществу, родственникам, что происходящее в ролике в бане является нелепой словесной ошибкой. Если данными действиями я нанес какой-либо вред имиджу Национального бюро по противодействию коррупции, я прошу прощения.

Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұл видеоға қатысты бірден ресми мәлімдеме жасаған. Құзырлы орган ондағы адамдардың өз қызметкерлері еместігін мәлімдеді. Еске салсақ, дәл осы Тоқберген Әбиев 5 жыл бұрын да өзін-өзі жасырып қойып, жұртты шулатқан. Астанадағы жалға берілетін пәтерлердің біріне тығылып, із-түссіз жоғалып кеткенін жариялаған болатын. Сол жолы да әбес әрекетін жұрт назарын жемқорлыққа аудармақ болдым деп түсіндірген еді. 

-Ол кезде Әбиев полицейлерді босқа сабылтқаны үшін 15 мың теңге айыппұлмен құтылған. Бұл жолы қоғам белсендісі түрмеден бір-ақ шығуы мүмкін. Сөзіне сенсек, моншадағы шуға қатысты  Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро іс қозғаған. Ал Әбиевтің өзі құзырлы органның беделіне нұқсан келетіндей ештеңе болмағанына тым сенімді. Сондықтан тергеушілердің өзіне неліктен шүйлігіп отырғанын түсінбей дал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде