Шымкентте мұнай ұрлығын ұйымдастырған шенеунікке іздеу жарияланды
Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы болған Данияр Қалдыбаевқа «қылмыстық топ құрды» және «қызметін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылған.
Автор: Бек Әбиев
23.11.2017
38 жастағы шенеунік 2015 жылы «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикізат ұрлағандарға қолдау көрсеткен екен. Дегенмен, іздеу салып жатқан Ішкі істер департаментінің өзі лауазым иесі құрған қылмыстық топ туралы ақпарат беріп жатқан жоқ. Жалпы, оңтүстіктің құзырлы органдары кешелі бері мұнай ұрлаушылармен мықтап айналысуда. Күні кеше ғана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полицейлердің арнайы жасағы дәл осы «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан жыл басынан бері қара алтын ұрлап жүрген 13 адамды ұстаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!