{metadescription}
Еліміздің бірқатар банктері алғашқы жарнаның көлемін азайтуды ұсынды
Еліміздің бірқатар банктері алғашқы жарнаның көлемін азайтуды ұсынды

Еліміздің бірқатар банктері алғашқы жарнаның көлемін азайтуды ұсынды

Коммерциялық банктер мемлекеттің тұрғын үй бағдарламаларын реформалауды ұсынды. Мәселен, ипотека алудың міндетті шарты - алғашқы жарнаның көлемін төмендету. Бұл - кісі есігін жағалап жеке баспанасын армандап жүргендерге көп көмек болмақ. Бірақ мемлекеттің жеңілдігі оңайлықпен бұйырмайын деп тұр.

Айжан Еселбаева, Банктің департамент директоры:

Біз алғашқы төлем көлемін 30 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетуді ұсынамыз. Қазіргі кезде үйлердің бағасы тұрақтанды. Бұл баспана құнының 30 пайызын жинап үлгермеген жас отбасыларға, жастарға ипотекалық несие алуға мүмкіндік берер еді.

Жеке банктер "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" бағдарламалары бойынша несие үшін мемлекеттен субсидия алып, ақшаны 10 пайызбен берулері тиіс. Бүгін олар сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары бойынша ипотекалық несиенің көлемін 20 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Себебі 20 млн кей азаматтардың алғысы келген баспанасына жетпейді екен. Бірақ Ұлттық банкке ұсыныстардың бірі де жақпады.

Алпысбай Ахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

– Ұлттық банк бұл ұсынысты қолдамайды. Себебі жарна көлемін төмендету азаматтардың қарызын көбейтеді. Банктердің несие беру кезіндегі басты талабы халықтың оны қайтара алу мүмкіндігі. Қазіргі кезде біздің 5 млн отандасымыздың 5 трлн теңгеден астам несиесі бар. Бір млннан астам адамның төлемдері 90 күннен артық кешіктіріліп отыр. Халық онсыз да белшесінен несиеге батқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.