{metadescription}
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы билікті қолына алды
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы билікті қолына алды

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы билікті қолына алды

 

Алмазбек Атамбаевті орнынан ығыстырған жаңа президенттің бүгін ұлықтау рәсімі өтіп, айыр қалпақты ағайындарға адал болуға ант берді.    

Ант қабылдап болған соң, Жээнбековке куәлік пен оның аты ойылып жазылған алтын төсбелгі тапсырылды. Ал штандартты табыстау кезінде биліктен кеткені жанына батса керек, экс-президент байрақты бергісі келмей, ізбасарына әрең дегенде ұстатты. Осыдан соң қырғыздардың жаңа басшысы бірден парламентке жол тартты. Айта кету керек, Сооронбай Жээнбеков бүгін тек президент қана емес, қырғыз әскерінің бас қолбасшысы да атанды. Қырғыздың 59 жастағы су жаңа басшысы тәуелсіз Қырғызстанның алтыншы президенті.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан Республикасының президенті:

-Мақсатымды іске асырамын! Бұған менің тәжірибием де, білімім де, ар-намысым да жетеді! Манас атамыз халқыма жаным құрбан деп өмірін арнаған, мен де Қырғызстаным үшін бүткіл өмірімді арнаймын! /шапалақ/ Еліме, жеріме, ақтық демім қалғанша қызмет қылам!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде