{metadescription}
Дизельді отын тапшылығын біржола шешу үшін Қазақстан төртінші мұнай өңдеу зауытын салуы тиіс
Дизельді отын тапшылығын біржола шешу үшін Қазақстан төртінші мұнай өңдеу зауытын салуы тиіс

Дизельді отын тапшылығын біржола шешу үшін Қазақстан төртінші мұнай өңдеу зауытын салуы тиіс

Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше қолданыстағы үш зауыттың өндіріп отқан соляркасы бес жылға ғана жетеді. Одан кейін сұраныстың артуына байланысты тапшылық туындауы мүмкін. Сондықтан министрлік бір жылдың ішінде не жаңа зауыт құрылысы, не Шымкент зауытын кеңейту туралы шешім қабылдауы тиіс. Ал оған дейін ұзаққа созылған жаңғыруды бітіріп алу керек. Бозымбаев Шымкент зауыты жарты жылдың ішінде, ал Павлодар мен Атырау әне-міне толық қуатына шығады деп сендірді. Министрдің сөзінше, аауға ұласқан Павлодар мұнай-химия зауытының крекингі іске қосылып, ішкі нарыққа қажетті көлемде АИ 92,95 бензиндерін шығарып жатқан көрінеді. Десе де желтоқсанда ресейлік отынның 20-25 пайыз импорттық үлесі сақталмақ. Министр уәде еткен баға өзгерісі де болатынын айтты. Бірақ, бұған дейін импортқа тәуелді құн, енді өзіміздің мұнайшыларға қарап қапты.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– Егер мұнай өндірушілер ішкі нарықта бағаларын шарықтатып жібермесе, баға төмендейді деп болжауға болады. Қазмұнайгаз желілерінде баға 161 теңгеден, Синойлда 162 теңгеден төмен түседі. Басқа желілерде де арзандайды. Бұл шамамен қарашаның соңы, желтоқсан басында. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде