Астанада қос палата депутаттарының отырысы қайғылы жағдайдан басталды
Осы жиынға ауызсу мәселесін талқылауға келген Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Назаралы аяқасты өзін жайсыз сезініп, көпке ұзамай бақилық болды.
Автор: Досжан Маратұлы
24.11.2017
-Қайырлы күн Ерланби! Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары негізі таңертең Мәжіліке жиынға қатысуға келген.
Бірақ, Жақсылық Назаралы фойеде аяқасты өзін нашар сезініп, жедел-жәрдем шақыртуға тура келген. Сөйтіп, дәрігерлер оны ауруханаға алып кеткенімен, жол үстінде қайтыс болды. Әзірге оның неден көз жұмғаны айтылған жоқ.
-Түсінікті Досжан, Назаралы Жақсылықтың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ал, қос палата депутаттары қандай мәселені талқылады?
-Күн тәртібіндегі мәселе өңірлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету болды.
Негізі мәжілісмендердің айтуынша, еліміздегі ауылдардың жартысына жуығы әлі ауыз суға жарымай отыр. Әсіресе, Павлодар, Қостанай Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағдай қиын. Сондықтан депутаттар, шөлдеп отырған халықты қалай сумен қамтамасыз етеміз деп бірнеше министрді қыспаққа алды. Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бұл жақын арада іске аспайды. Ол үшін 10 жыл уақыт қажет екен. Өйткені, ауыл-аймақты сумен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жұмысы тиімсіз дейді Асқар Мырзахметов. Сондықтан, шалғай орналасқан елді-мекендерді тіршілік нәрімен қамтуды жетелдету үшін жұмысты бір ғана операторға жүктеуіміз керек дейді.
Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-Яғни, республика бойынша бір операторды белгілейтін болсақ, «Қазсушар» мекемесін белгілейтін болсақ, онда бұл мәселені 2022 жылдың аяғына дейін шешуге болады біріншіден. Екіншіден оған кететін қаржы қолданыстағы жүйеге қарағанда арзан болады.
-Ауыл шаруашылығы министрлігінің мұндай ұсынысын депутаттар қалай қабылдады?
-Негізі халық қалаулыларына бұл ұсыныс қатты ұнай қойған жоқ.
Өйткені, депутаттар ауылдарға су құбырын тарту жұмысын бір ғана компанияға жүктесек, тарифтердің құны көтеріліп кете ме деп алаңдап отыр. Сондықтан олар жұмысты бәсекелес ортаға берген дұрыс деген пікірде.
Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:
-Елбасы өзінің көптеген тапсырмасында айтқан. Мына мемлекеттік қызметердің барлығын бәсекелестік ортаға беруіміз керек деп. Осы сол кісінің тапрсырмасына қарама-қайшы келмей ма? Біріншіден. Екіншіден, бұл біз тағыда бір монополисті туындатып отырмыз. Олай болса бұл тағы да тарифтердің өсуіне әкелмей ма?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!