Алматыда бала сүйе алмай жүрген келіншектерге диагностика жасайтын тың әдіс пайда болды
Бұндай сүйінші хабармен орталық клинкалық аурухана мамандары бөлісті.
24.11.2017
Дәрігерлердің сөзінше, енді құрсақ көтере алмай жүрген нәзік жандылардың жатырындағы кез-келген ауруды анықтай алады. Бұл тәсіл иммуногистохимиялық зерттеу деп аталады. Яғни, алдымен бедеуліктің себебін тауып, кейін салдарымен күреседі. Бұған дейін әйелдер осындай сараптама жасау үшін анализді Ресей және Еуропаның елдеріне жіберетін. Енді Республиканың түкпір түкпіренен Алматыға орталық клиникалық ауруханаға жіберіп, дертін анықтап, емін қабылдауға болады. Бір анализдің құны алты мың теңге. Тың тәсіл елімізде құрсақ көтере алмай жүрген әйелдердің санын 30-40 пайызға дейін қысқартады деп күтілуде.
Жібек Дайырбекова, Патоморфология бөлімінің меңгерушісі:
-ИММУНОГИСТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ біздің елімізде алғаш рет жасалып жатыр. Және бұл әдіс Қазақстан бойынша тек Алматыда бізде, яғни САВМИНДЕ жасалады. Көп әйелдер бала көтере алмай ЭКО жасатады. Бірақ өкінішке орай ондай жағдайда да көбісі бала сүйе алмайды. Бар мәселе жатырда болуы мүмкін. Біз сол проблеманы анықтаймыз. Және емдейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!