{metadescription}
Павлодарда адам басқан жүргізуші сотталды
Павлодарда адам басқан жүргізуші сотталды

Павлодарда адам басқан жүргізуші сотталды

Павлодарда 17 жастағы бозбаланы таптап өлтірген жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Жасөспірімді абайсызда басып кеткен Жеңіс Өтебаев алдағы 1 жыл алты айын абақтыда өткізуі тиіс.

Оқиға биыл тамызда шаһарға қарасты Ленин кентінде болған-ды. 17 жасар Никита жол бойындағы қоршауларды орнататын компанияда нәпақасын тауып жүрген екен. Жанындағы бірнеше жұмысшымен жүк көлігінің астына кіріп демалған оларды жүргізуші аңғармай қалып, жүріп кетіпті. Сөйтіп, бозбала салмағы он тоннадан асатын техниканың астында қалып, көз жұмған. Ал кінәсін жартылай мойындаған жүргізушінің өзі марқұмның ата-анасына 20 мың теңге ұсынған көрінеді. Көлiк құралын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда кісі өліміне әкеп соғу бабы бойынша айыпталған Өтебаевты прокурорлар шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот оны 1 жыл алты айға қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге қамау жазасына кесті. Бұған қоса, үш жылға жүргізуші куәлігінен айырып, марқұмның ата-анасына 1 миллион 400 мың теңге көлемінде моральдық-материалдық шығын өтеуге міндеттеді. Марқұмның туыстары болса, соттың бұл шешіміне риза екенін білдірді.

Светлана Юрьева, марқұм Никита Юрьевтің анасы:

Баламды басып кеткен соң, аяқасты жүкті әйелім бар деп шықты.Бұған дейін бойдақпын деген. Ұлымды жерлегеннен кейін 10 күн өткенде үйге келіп, кешірім сұрады. Жалғыз қалған кіші ұлым ағасын әлі күнге дейін іздейді. Айыпталушы бұған дейін өз айтқанынан бірнеше рет айнып, жағамызды ұстатқан еді. Жазадан мүлдем құтылып кетеді ме деп қорыққанымыз рас. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде