{metadescription}
Семейде жөндеушілердің салғырттығы жұрттың ашуын туғызды
Семейде жөндеушілердің салғырттығы жұрттың ашуын туғызды

Семейде жөндеушілердің салғырттығы жұрттың ашуын туғызды

Семейде су құбырларын алмастырмақ болған мердігер бүтін бір көшені қыстың көзі қырауда қазып тастаған. Енді соның салдарынан жеке секторда тұратын жұрт баспаналарына отын-су жеткізе алмай әлек.

Оның үстіне, жер асты суы көтеріліп тұрғындардың ауласына дейін кіріп кеткен. Олар құзырлы орындарға айтылғанымен, қайран болмады деп налиды. Ал бұған жауапты мамандардың өз айтар уәжі бар.

-Бұл аймақты қопарып тастағанына 14 күн болған. Жұрттың айтуынша, содан бері, жауаптылардың бірі келмеген. Ал қазіргі уақытта қазылған шұңқырлар суға толып жатыр. Мұның астында Шығыс кентіне баратын басты су құбыры бар. Сондықтан ол да қатып қалуы мүмкін.

Осылайша, қос бірдей ықшам аудан тіршілік нәріне жарымай қалуы да ғажап емес. Қазірдің өзінде, мұнда орталық жүйеге қосылған кейбір тұрғындар ауыз сусыз қалған. Оған себеп, көшені қазған жұмысшылардың салақтығы көрінеді. Өйткені олар баспаналарға тартылған құбырларды да жұлып кеткен.

Құндыз Молдиярова, Семей қаласының тұрғыны:

-"Су арнасы"  артынан бізге берген жобаның ішінде сіздердің құбыр жүйелеріңіз жоқ деп отыр. Ал, кімдікі болды, оны жұлмадық, дейді. Қалай жоқ? Қолымызда құжат бар үйде тұр.

Ал бұл – тұрғындардың түсірген бейнежазабасы. Онда, көтерілген жерасты суы аулаларға кіріп жатқанын анық көруге болады. Енді соның кесірінен, ақ қар, көк мұзда кейбір баспаналардың едендерінің асты суға толып қалған.

Марат Кәметдинов, Семей қаласының тұрғыны:

-Сол беті өздері кетіп қалды. Жоқ. Судың бәрі үйге кіруде. Көрші-қолаңның түгелінің канализациясы суға толып жатыр.

Бүгінде астан-кестеңі шыққан көшеде көлік тұрмақ жаяу адамның өзі зорға жүретін хәлге жетіпті. Соның салдарынан тұрғындар қыстық отын-суларын да жетікізе алмай отыр. Ал қыс

басталғанда су құбырын алмастыруға тапсырыс берген мамандар сазды аймақ екенін айтып әлек. Айтуларынша, жазда бұл жерлерде қазу жұмыстарын жүргізу мүлдем мүмкін болмаған.

Александр Алдошин,  «Семей- Су Арнасы» МКК бас инженерінің орынбасары:

-Маусым, шілде айларында ол жақта жер қазу қиын. Бір метрден су шығып кетеді. Сондықтан біз күзді күттік. Оның үстіне, ауысатын су құбырының бір жарым шақырымы таза саздың арасында жатыр.

Мұндағы су құбырларын жаңарту үшін  мемлекеттік бағдарламадан 90 млн. теңге ақша бөлініпті. Алайда бұл қомақты қаржы 2 шақырым жерді алмастыруға ғана жетеді екен. Ал оны ұтып алған мердігер жергілікті билікке жұмыстарды желтоқсан айында бітіруге уәде берген. Сондықтан дүрліккен қалың бұқараға күтуден басқа қайран жоқ

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде