{metadescription}
Атамбаевтың негізсіз мәлімдемесі қырғыз кәсіпкерлерін мол  шығынға батырып жатыр
Атамбаевтың негізсіз мәлімдемесі қырғыз кәсіпкерлерін мол  шығынға батырып жатыр

Атамбаевтың негізсіз мәлімдемесі қырғыз кәсіпкерлерін мол шығынға батырып жатыр

Шекарада шектеу көбейіп, тексеріс күшейгелі қырғыз кәсіпкерлерінің табысы құлдырап жатыр. Экспорттың негізгі көзі болған Қазақстанға талапқа сай келмеген тауарларының өтпеуі шетінен тығырыққа тіреген.

Кеденнен ары аспаған өнімдерінің өздеріне кері қайтуы жеміс-жидек бағасының төмендеуіне әкеліпті. Ел билігі шешім таппаса, үлкен шығынға батамыз ба деп қауіптенеді олар.

Қазақ-қырғыз шекарасында қазанда басталған қарбалас әлі саябырсымаған. Жүздеген жүк көлігің шекарада 4-5 күннен қаңтарылуының өз себебі бар. Қазақстан тауар өткізудегі қадағалауды қатаңдатты. Еуразиялық одаққа мүше елдерге кедендегі стандарт ортақ. Бірақ, айырқалпақты ағайын мәселені біржақты түсініп, байбаламға басқандай.

Түйіткілдің түйінін тарқатуды татулықтан іздеген Асқар Шамырәлиев тауар тасымалдаушы компанияның директоры. Қадағалаудың қатаңдығынан кәсібінің тұсалғанын айтады.

Асқар Шамырәлиев жүк тауарын тасымалдаушы компанияның директоры:

-Қырғызстан жағынан өту үшін 5 тәулік кетеді. Күніне 70 литр дизель шығын болады. Тез бұзылатын өнім болса, жағдай одан да қиын. Қазақстан жағында 5-6 тексерістен өтеміз. Бұрынғыдай емес, қазір қадағалау шектен күшейген.

Фитосанитарлық, ветеринарлық секілді қатаң талап Қырғызстаннан бөлек, одаққа мүше өзге үш елге де ортақ. Осыған дейін арқаны кеңге салған айырқалпақты ағайынды соңғы ережелер есеңгіреткендей. Бішкектегі саудагерлердің салы суға кеткен. Шекарадан ары аспаған тауарлар өз базарларын толтырып жатыр. Өнімнің көптігі бәсекелестік ортада бағаның төмендеуіне, өтпей жатып шіруіне әкелген.

Шағын кәсіптен нәсіп тапқандардан бөлек, үлкен бизнестегілер де  бас қатырып отыр. Экспорттағы пайданың негізгі көзі – Қазақстанға жол жабылса, кәсіптерінің күні қараң болатынын қазірден түсінеді.

-Бішкектегі ең ірі кондитерлік фабрикалардың біріндеміз. Осы жердегі өнімнің 45 пайызы Алматыға жіберіледі. Ал, соңғы шектеулерден кейін мұндағы тәтті тауарлардың үш түрін Қазақстанға тасымалдауға тыйым салынды.

Тоқаш, піспенаннан бастап тәтті өнімдердің 200 түрін шығаратын кәсіпорынның бір ғана Алматыда 30 дүкені бар. Бішкекте тек 15 екен. Яғни, негізгі тұтынушылары Алатаудың арғы бетіндегі тұрғындар. Үш өнімдеріне тыйым салудың өзі жеті пайыз пайдаларын азайтқан. Қырғыз сарапшылары да ел билігінің кәсіпті қолдау болудың орнына енжарлық танытуы соңғы кедергілерге тікелей түрткі болды деген пікірде.

Гүлнәр Өскенбаева, Тасымалдаушылар және дистрибьютерлер қауымдастығының төрайымы:

-Бизнес жүргізуге ешқандай құлық танытпай отыр. Істегің келсе істе, істемесең өзің біл дейді. Ешқандай көмек жоқ. Үкімет осы жағдайды қадағалап, шекарадан тауар өткізгенде қандай құжат керек, оны қалай алуы керек екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсе болар еді ғой? Бірақ, үнсіз.

Қырғыз кәсіпкерлері үшін болашақтары әзірге бұлыңғыр болып тұр. Жағдай осылай қалса, бизнестері күрейме деп күйінеді. Жағдайды билікке келген жаңа президент реттер деген де үміттері бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде