{metadescription}
Оралда жүргізушілер мен полицейлердің арасындағы жанжал тағы ушықты
Оралда жүргізушілер мен полицейлердің арасындағы жанжал тағы ушықты

Оралда жүргізушілер мен полицейлердің арасындағы жанжал тағы ушықты

 

Оралда дауға себепкер болған жылдамдық өлшегішті сараптамадан өткізген полицейлер ол дұрыс жұмыс істеп тұр деп мәлімдеді. Ал дәл осы қондырғыға түсіп қалып, көп көлемде айыппұл салынған көлік жүргізушілері жақында бұл техниканың жарамдылығына күмәнданып, шу шығарған еді.  

Бір қызығы, жүргізушілерді зар қақсатқан мына құрылғы жыл басынан бергі 9 айда жол ережесінің тек 51 рет бұзылғанын тіркеген. Бірақ қазан мен қарашада жұмыс қарқынын тым үдетіп жіберсе керек, осы жылдамдық есептегіш арқылы мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салыныпты. Полицейлер бұған еш таңданып отырған жоқ. Олар құрылғыда кінарат жоқ деп дес берер емес. Яғни жүргізушілердің бәрібір айыппұлды төлеуіне тура келеді. Ал мұндай жауапқа көңілі толмағандарға тәртіп сақшылары сотқа баруға кеңес берді.

Талғат Ахаев, БҚО ІІД бастығының орынбасары:

-Біз қарап отырып, мына ұйғарымдардың ешқайсысын алып тастай алмаймыз. Заң бар, түсінесіздер ме? Міне, жауапты мамандар отыр ғой, егер осылар өз беттерінше әрекет етсе, бастары кетеді. Жеке-жеке сотқа арызданыңыздар. Сот сіздердің пайдаларыңызға шешім шығарса, айыппұлдарды алып тастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.