{metadescription}
Айыпұлдан жалтарғандардың көлігі айып тұрағына тоғытылып жатыр
Айыпұлдан жалтарғандардың көлігі айып тұрағына тоғытылып жатыр

Айыпұлдан жалтарғандардың көлігі айып тұрағына тоғытылып жатыр

Алматыда полицейлер мен жеке сот орындаушылары жүргізушілерге қырғидай тиіп жатыр. Қазірдің өзінде көлік салығы мен өзге де әкімшілік айыппұлды төлемеген 21 жүргізушінің көлігі айып тұрағына жеткізіліпті.

Тәртіп сақшылары осындай қадам арқылы құқықбұзушылардың заң алдындағы міндетін орындауды жеделдетеміз дейді. Себебі, ұсталған көліктердің барлығы көрсетілген айыппұлдар толықтай төленгенде ғана иесіне қайтарылады. Жыл басынан бері Алматының көшелерінде 311 мың құқықбұзушы тіркеліп, 2 жарым миллиард теңге айыппұл салынған. Ал, айыппұлы бар жүргізушілер жол жиегіне қойылған бейне бақылау қондырғалары арқылы анықталуда. 

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД басқарма бастығының орынбасары:

-Бұл шара үш күнге созылады. Алдағы уақытта да назардан тыс қалдырмай, қадағалап отырамыз. Шара барысында «Крис-П» және «Поток-М» жүйесі қолданылуда. Оған барлық ереже бұзушылардың дерегі жүктелген. Егер сондай көлік иесі радарға іліксе, бірден шектеу бар екенін ескертеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде