{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігіндегі былық Ақордаға жетті
Денсаулық сақтау министрлігіндегі былық Ақордаға жетті

Денсаулық сақтау министрлігіндегі былық Ақордаға жетті

Бүгін президент еліміздің бас дәрігері Елжан Біртановты кабинетіне шақыртып алып   дәрі-дәрмекке бөлінген  бюджет ақшасының жаппай ұрланып жатқанын бетіне басты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ну, слушай, это уже не порядок. Почему я должен вмешиваться? есть министерство, есть порядок. Контроль у вас есть за ними. Что за бессовестный народ. С государственных денег страна закупает лекарства, чтобы дать больным. Они договариваются с поставщиками наши казахстаснкие лекарсва не берут, потому что здесь невозможно шапку снять. А там договариваются. Те берут взятки, наши берут взятки. В результате лекарство поступает к потербителям дорого.

Президенттің қатаң  ескерту жасауына негіз бар. Өйткені, қазына қаржысы есебінен науқастарға дәрі-дәрмек   жеткізіп беруге жауапты аймақтағы   бірнеше басшы шатылып жатыр. Одан қалды қазіргі уақытта  Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармация комитеті төрайымының міндетін атқарушы Лариса Пак  қамауда отыр.Шенеунік мемлекеттік сатып алу бойынша дәрі-дәрмек бағасын көтермелеп, пара алды деп айыпталуда. Кейін көп ұзамай Жемқорлыққа қарсы бюро «СК-Фармация» компаниясының басшысының Максим Касаткиннің  қолына кісен салды.Дәрі-дәрмек тасуға жауапты мекеме монополияға қатысты заңды  өрескел бұзып, шетелден келген препараттарды  жеткізіп, сақтауды 5 жыл бойы  жалғыз фирмаға беріп қойған.  Ал бәсеке болмаған соң,  дәрінің бағасы қымбаттап кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде