{metadescription}
Тікелей эфир: Бозымбаев қысқы дизельге  қатысты  мәлімдеме жасады
Тікелей эфир: Бозымбаев қысқы дизельге  қатысты  мәлімдеме жасады

Тікелей эфир: Бозымбаев қысқы дизельге қатысты мәлімдеме жасады

Үкімет қысқы дизелдің бағасын қадағалай алмайды.  Өйткені, көлікке аязды күндері құйылатын солярка жүз пайыз Ресейден әкелінеді екен. Енді күн суытқалы отынның бұл түріне сұраныстың артатыны анық. Сондықтан жүргізушілер баға тағы да қымбаттай ма деп алаңдап отыр.

-Толығырақ Энергетика минитстрі Қанат Бозымбаевтың есеп беру жиынынан жаңа ғана шыққан тілшіміз айтып берсін. Қайырлы күн Досжан! Дизел отынына қатысты ақпараттармен бөліссең..

-Қайырлы күн Ерланби! Энергетика министрі дизель отынының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндіріп берді.

Қазір әсіресе қысқы солярканың бағасы литріне 220 теңге, тіпті кейбір өңірлерде 260 теңгеге дейін шарықтап кеткені белгілі. Сондықтан министр алдымен құнның көтерілуінің себебін түсіндіруге тырысты. Айтуынша, еліміз қысқы дизелдің бағасын мүлдем реттей алмайды. Жанармай құю бекеттеріндегі баға да сондықтан шарықтап жатыр дейді Бозымбаев.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Өйткені, қыстық дизел бізде Қазақстандық зауыттарда шығарылмайды. Қыстық отынды Ресейден алып келеді импорттаушы компаниялар. Олар сол жақта сатып алады. Мына жаққа алып келгенде акциз төлейді. Сосын жол шығындары бар. Содан кейін әрбір заправка сол бағаға 10-15 теңге қосады.

-Түсінікті Досжан. Ал, дизелдің тапшылығына қатысты бір нәрсе айтылды ма? 

-Иә, айтылды. Министрдің сөзіне сенсек, қазір елімізде жазғы да қысқы да дизель жеткілікті. Айтуынша, кәсіпкерлер солярканы жеткілікті көлемде әкеліп жатыр. Десе де, қазір суық түскелі қысқы дизелге сұраныстың артып жатқаны белгілі. Сондықтан, қазірдің өзінде бағасы шарықтап тұрған отынның бұл түріне баға шарықтап кете ме деп жүргізушілер алаңдап отыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде