Атырауда балықшылар адамның өлі денесін тауып алды
Балыққа барып, мәйітті тапты! Атыраулық балықшылар осыдан дәл бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншектің денесін Жайықтан тауып алды.
Автор: Жанар Низамутдинова
27.11.2017
Қаладағы балабақшалардың бірінің қызметкері болған Людмила Чернышеваның денесі қаладағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңынан шықты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі жоқ. Дегенмен, 39 жастағы келіншектің неден ажал құшқанын анықтау үшін түрлі сараптама тағайындалды. Людмила Чернышева 27-ші қазаннан бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр екен. Тума-туыстары оның таңертең жұмысқа кетіп, кешкілік оралмағанын айтып, сол күні-ақ полицияға арызданыпты. Ал келіншектің қол сөмкесі іздестіру кезінде өзен жағасынан табылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!