Оңтүстікте тойдан қайтқан көлік апатқа ұшырады
Оңтүстік Қазақстанда тойдан қайтқан бір топ адам жол апатына ұшырап, салдарынан 36 жастағы әйел көз жұмды. Оқиға Қазығұрт асуы маңында болған.
Автор: Бек Әбиев
27.11.2017
8 адам мінген Хюндай Старекс шағын автобусының Сарыағаш қаласынан шыққан беті екен. Жылдамдықты тым асырып жіберді ме әлде алдындағы жүк көлігін байқамады ма, сол КамАЗ-дың тіркемесіне кеп соғылған. Хюндайдың сау-тамтығы қалмапты. Зардап шеккендердің көбін көліктен тек құтқарушылардың көмегімен ғана шығару мүмкін болды. Жарақат алған 5 адам ауруханада жатыр. Оның екеуі жасөспірімдер. Ал 36 жастағы келіншек жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Тағы екеуі ауруханаға жатудан бас тартып, үйіне кеткен. Дәрігерлер жарақат алғандардың жағдайы ауыр деп отыр.
Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлімше меңгерушісі:
-Оның біреуі жоспарлы хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа. Диагнозы жабық ми жарақаты. Мидың шайқалу диагнозымен. Екеуі қосарланған ауыр жарақат. Бастың жабық ми жарақаты, мидың шайқалу диагнозы. Біреуінің жамбас сүйегінің сынуы, сан сүйегінің сыну жарақаты диагонозымен жансақтау бөлімшесінде ем қабылдауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!