{metadescription}
Үндістанда әлем чемпионы атанған спортшы қыз ескі әнұранды тоқтата алмағанына өкінді
Үндістанда әлем чемпионы атанған спортшы қыз ескі әнұранды тоқтата алмағанына өкінді

Үндістанда әлем чемпионы атанған спортшы қыз ескі әнұранды тоқтата алмағанына өкінді

Әнұран тағы да мазаққа айналды! Үндістанда бокстан өткен әлем чемпионатында еліміздің ескі әуені шырқалып, спортшыларымыз кезекті мәрте ыңғайсыз жағдайға қалды. Қателіктің қайта қайталанғанына жаттықтырушылардың өздері таң. Айтуларынша, қазақтың Әнұранын  ұйымдастырушыларға құлағына естіртіп, таспасын қолдарына алдын-ала табыстап қойған екен. Алайда соған қарамастан, гимнға қайтадан қиянат жасалды.      

Жұдырығының күшін күллі әлемге мойындатқан небәрі 17 жастағы қазақ қызының жұлдызды сәті. Арайлым Бекділда Украина, Польшаның спортшыларын жеңіп, финалда Ресейдің чемпионымен кездескен. Қарсыласы соңына дейін қара қызымызды менсінбепті. Алайда, басында әлсіздік танытқандай боп алдаусыратқан Арайлым, Анастасия Рыбактан әлем чемпионы атағын жұлып әкетті. Десе де, бұл жеңімпаздың құрметіне де қайтадан әнұранның ескі нұсқасы шырқалды.   

Арайлым Бекділдә, Жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионы:

-Кеш жарық, қазақ елі! Әлем чемпионатынан алтын медальға ие болдық! Өте қиын  болды мен үшін. Бірінші раундта басымдық ода болды. 2-мен 3-те намысқа тырысып, алтынды қолдан бермей, Әнұранымызды шырқату үшін намысқа тырысып, жеңіске жеттік! Ал Әнұран мәселесіне келсек, Әнұранды орта жағына қарай білдім мен біздің Әнұран емес екенін. Тоқтату өте кеш болды. Сонда да қолымызды жүрек тұсымызға қойып, шырқап тұрдық. 

Елбасымыздың өзі сөзін жазған «Менің Қазақстаным» әні осылайша кезекті мәрте әлемдік додада орындалмай, далада қалды. Болған жайт бапкерлердің де ашуын келтірген. Айтуларынша, алдын-ала жазылған таспаны ұйымдастырушылардың қолына хинди тілінде түсіндіріп, ұстатып кетіпті. 

Алмас Қуатбеков, аға жаттықтырушы:

-Гимн мәселесіне келсек, әнұрамызыды ойнататын кезде баяғы әнұранды ойнатты бұлар. Біз соның жартысында басында басталғанда түсінбедік, жартысында түсіндік. Біз ешнәрсе істей алмадық. Айыбы  төрешіден. Өздері қолға аламыз деді.

Бірақ, солай бола тұра ескі Әнұраннын қайдан пайда болғаны белгісіз күйде қалып отыр. 

Мұндай жағдай жақында ғана Сочиде болған. Самбодан өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген Есет Қуанов, ескі әуенді тыңдаудан бас тартып, жаңасын жанды дауыспен шырқаған. Енді араға апта салмай Әнұран қайта қате шырқалды. Әйтсе де, бұл жолы үндістерді кінәлауға негіз де жоқ сияқты. Себебі, соңғы рет Спорт және дене шынықтыру комитетіндегілер бар кінәні ұйымдастырушыларға жапқанымен, қателік жібермеуге ант еткен. Бірақ онысы да, ескі ән сияқты тағы қайталанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде