Алматыда шулы оқиғаларымен танымал балалар үйінің директоры сотталды
Алматыда №1 балалар үйінің бұрынғы басшысы Гүлмаржан Шонаева сотталды. Ол сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны үшін және болған қылмысты хабарламағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса дүние-мүлкі тәркіленіп, енді мемлекеттік қызметте істеуге құқығы жоқ.
Автор: Асқарбек Қазанғап
27.11.2017
Былтыр Алматыдағы № 1 балалар үйінде шу шықты. 13 жасар жасөспірімнің тәрбишісінен зорлық көргенін қынжыла баяндаған видео әлеуметтік желіні шарлап кетті. Мекеме басшылығы бала базынасын қиялға балағанымен, тексеріс өткізілді. Өткен жылдың желтоқсан айында айып тағылған тәрбиеші зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 15 жылға темір торға тоғытылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!