Елімізде көлікті тіркеуге қатысты жаңа ереже шықты
Ішкі істер министрінің жаңа бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді.
Автор: Жәудір Оразхан
27.11.2017
Егер сіз шетелдік зауыттың Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ресми дилерінен темір тұлпар сатып алсаңыз, оны техникалық тексерістен өткізу міндетті емес. Яғни, су жаңа көліктің еш ақауы жоқ екенін құжат жүзінде дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл жеңілдік аты-жөнін, тегін өзгерткендерге де қатысты. Сондай-ақ, 001, 002, 777, 555 деген қымбат нөмерлерге тапсырыс бергендер қасына қосымша қалаған әріптерін де таңдай алады. Бірақ, ААА, ЖЖЖ, ТТТ сынды бірдей үш әріпті қаласаңыз, оған салынатын салық жоғары болады.
Ирина Лукьянина, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:
-Егер көлік иесі некеге тұруына байланысты немесе ұлттық дәстүрге қатысты тегін өзгертсе және тіркеу туралы куәлігін жоғалтып алса, машинаны қайта тексеруден өткізудің қажеті жоқ. Құжаттарын да ауыстырмайды. Жаңа ережеде осындай жеңілдіктер жасалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!