{metadescription}
Маңғыстауда болған жантүршігерлік апатқа қатысы теміржол өткелінің кезекшісі қамауға алынды
Маңғыстауда болған жантүршігерлік апатқа қатысы теміржол өткелінің кезекшісі қамауға алынды

Маңғыстауда болған жантүршігерлік апатқа қатысы теміржол өткелінің кезекшісі қамауға алынды

Маңғыстау облысындағы Газель мен пойыздың соқтығысуына қатысты, апат болған темір жол өткеліндегі кезекші қамауға алынды. Өйткені, сараптама қорытындысы оның жұмыс кезінде ішімдік ішкенін көрсетіпті. 9 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға бойынша әлі талай шенді құрықталуы мүмкін. Ал отарбаға тапталған миркаатобуста неліктен екі есе көп жолаушының отырғанын тілшілеріміз анықтап көрді. 

Тоғыз адам қайтыс болып 27жолаушы жарақат алған Жаңаөзендегі жол көлік апатына қатысты тексерістің алғашқы қортындылары шыға бастады.  Мамандар үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Тепловоз тізгіндеген машинист пен Газель рөлінде болған жүргізушінің  іс әрекеті тексеріліп,  апат тіркелген темір жол өткелінде сол күні жұмыс істеген кезекші тергелуде. Басты күдік оқиға орнында қатыс болған 50 жастағы газель жүргізушісіне түсіп отыр. Ол Өзбекстан азаматы және көлік жүргізу куәлігін де өз елінде алған. 

Алдырза Қуанышкереев, Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары:

-Оның куәлігімен біздің елде көлік жүргізуге болады. Бірақ заңда шектеулер бар қандай жағдайда ол қандай көлікті жүргізуге құқығы бар ал қай жағдайда рұқсат жоқ. Қазір осы мәселе бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Және оған адам тасымалдауға рұқсат бергендер жауапқа тартылады. 

Апат кезінде ішінде 36 жолаушы болған көлік тек 15 адамға есептелген. Ол өзінің Теңге ауылындағы соңғы аялдамасына сәл ғана жетпей қалды. Артық адамдарды жүргізуші Жаңаөзеннен отырғызған. Оның басым бөлігі оқудан үйге қатып келе жатқан колледж студеттері. Адам тасымалдауда қауіпсіздікті сақтамағаны үшін бірінші кезекте, маршруттың жүруіне тендрді ұтып алған кәсіпкер жауапқа тартылады. Жыл басынан бері ол қоғамдық көлікке адамдарды шамадан тыс отырғызғаны үшін жеті рет жазаланған екен. 

Дәурен Табжанов, Маңғыстау облысытық көлік басқармасының бастығы: 

-Ол бүкіл құжатын көрсетіп көлігінің талапқа сай екенін айтты. Сондықтан маршутқа шығуға рұқста еттік. 

Азамат Уәлиев, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

-Жол полициясы да бұл мәселеге жауап береді. Себебі автобусқа аузы мұрнынан шығарып адам тиеп жүрген жағдайды көрсе тұра тиісті шара қолданбаған. Сондай-ақ көші қон полициясынан да сұраймыз. Өйткені ол қазақстан азаматы емес. Ал оның немен айналысқанын солар білуі тиіс еді. 

Өткелдің диспетчерінен де жауап алынғңан. Айтуынша станцияның кезекшісі пойыздың келе жатқанын оған ескерпеген. Сондықтан әбден отарба жақындаған кезде байқаған екен. Естеріңізге сала кетейік, тоғыз адамның өмірін жалмап 27 адам жарақат алған жол көлік апаты сенбі күні жаңаөзен маңында болды. Алты адам әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр. Жапа шеккендердің бәріне 20 миллион теңге бөлінді. ҚАйтыс болғандардың туыстары 1 миллион теңгеден. Жараланғандар 500 мыңнан алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.