{metadescription}
Алматылық кәсіпкер ұрылардың жазалануын талап етті
Алматылық кәсіпкер ұрылардың жазалануын талап етті

Алматылық кәсіпкер ұрылардың жазалануын талап етті

Қыруар шығынға батырған ұрылар жазалансын! Алматы облысындағы қоймалардың бірінде 45 млн теңгенің тауарын қолды қылғандар әлі бостандықта жүр. Бір жарым жыл бұрын басталған тергеу сотқа жетпек түгілі, әлі аяқталмаған да. Қойма басшысы қақпаған есігі қалмағанын айтып ашынады. Істі созбаққа салған тергеушілердің бүгінге дейін екеуі тәртіптік жазаға да тартылған екен. Дәлелі мен күдіктісі бар істің сотқа бармауының сырын прокурорлар да анықтауға кіріскен.

Бір қарағанда бұл жұмысшылар тауарды түсіріп, тасып жатқандай көрінеді. Ал, шын мәнінде олар былтыр үш ай бойына дәл осылай 60 тонна тауарды қолды қылған. Келген шығын шаш-етектен. 45 млн теңге. Жымысқы әрекеттері әшкереленгеннен кейін олардың атына арыз да жазылды. Бірақ, ірі көлемдегі ұрлық бойынша қозғалған іс түлкі бұлаңға салынған.

Михаил Шамаков компания директоры:

- Тауарды түсіру кезінде біздің қызметкерлер экспедиторлармен келісіп, мөлшерден тыс тауарды алып қалып отырған. Бұл істе бірнеше адамның қатысы бар. Бейнекамерада кімнің ұрлыққа барғаны анық көрінеді. Бірақ, қандай себептермен екенібелгісіз, полиция өкілдері әлі күнге істі сотқа жібермей созып келеді.

Іле аудандық Ішкі істер басқармасына осы істің мән-жайын түсіндіру үшін арнайы хат та жолдадық. Бірақ, олар ресми жауап беруден бұрын, табалдырықтарынан аттатпай, бізден құтылғанша асықты.

- Это же, это же режимное помещение же. Біздің заң бойынша полиция учаскелерін түсіруге құқығымыз бар. Дежурный где? Че снимаете.

Істі түлкі бұлаңға салған пагон таққандардың былығынан прокурорлар да хабардар.  Сағызша созып, өз міндетін атқармаған осы істегі екі тергеуші тәртіптік жауапкершілікке да тартылған.

Асхат Жақсыбаев Іле аудандық прокуратурасының аға прокуроры:

-Қылмыстық істер бойынша 4-5 тергеуші ауысып кетті. Ол бір себеп болды. Және де сот сараптамалары тағайындалған. Соларды күтіп қазіргі уақытта осы қылмыстық істер прокуратурамен сұратылып, олар бойынша нұсқау берілді.

Бір жарым жыл бойы өгіз аяңға салынған тергеудің жақын арада нүктесі қойылуы тиіс. Прокуратура өкілдері олқылық орнын толтырып, бір айдың ішінде істің сотқа жолдананатынын жеткізді. Ал, қыруар шығынға батқан компания өкілдері бұл құзырлы органдардың кезекті уәдесі болса, онда бас прокуратурға шағымданамыз деп бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.