{metadescription}
Тікелей эфир: Үкімет стратегиялық даму жоспарын қабылдады
Тікелей эфир: Үкімет стратегиялық даму жоспарын қабылдады

Тікелей эфир: Үкімет стратегиялық даму жоспарын қабылдады

Үкімет Қазақстанды дамыған 30 мемлекеттің қатарына төте жолмен апаруы тиіс стратегиялық даму жоспарын қабылдады. Бұл - бұған дейін істе болған 2020-шы жылға дейінгі жоспардың орнын басатын құжат. Мерзімі 2025-ке дейін деп бекітілген. Екі жылды күтпей су жаңа жоспармен жұмыс жасауға көшудің себебін, шенеуніктер жоспардың мерзімінен бұрын орындалып қойғанымен түсіндірді.

Бұл жоспар бұрынғыдан өзгеше! Ұлттық экономика министрі таныстырған құжатты жоспараралық жоспар десе болатын шығар. Себебі ол жиырмасыншы жылдың жетістіктері мен елуінші жылдың мақсаттарының арасын жақындататын құжат. Ал 2025 жылға жеткенде, мемлекет мүдірмей 2050 стратегиясын негізге алып жүрісінен жаңылмауы тиіс.

Сүлейменовтің сөзінше, жоспар жан-жақты. Сондықтан, 2050 стратегиясынан бөлек, 100 қадам Ұлт жоспары, Рухани жаңғыру сынды жоспарлардың іске асуын жақындатпақ. Жоспардың осыншама жүкті оңай көтеруінің сырын Тимур Сүлейменов өзінен естісек.  

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Стратегиялық жоспар отандық және халықаралық сарапшыларды, бизнес өкілдерін кеңінен тарту арқылы әзірленді. Жеке сұхбат және дөңгелек үстелдер өткізілді. Халықтың пікірін жан-жақты ескеру және негізгі ережелерді түсіндіру мақсатында өңірлерде фокус топтар мен жиынтық кездесулер өткізілді.

Ұлттық экономика министрі бұл мәселені тарқатып айтпады. Оны бір білсе, сол жиынтық кездесулерге қатысқан өңірдегі шенділер білуі тиіс. Себебі әр жиыннан хабардар журналистер үшін де бүгінгі жоспар жаңалық болды. Халықаралық сарапшылардың еңбегі де қаншаға түскені туралы өкінішке қарай ақпарат жоқ. Жалпы, 2025 жылға дейінгі аралық жоспардың өзі жеті түрлі реформаны жүзеге асыруы тиіс. Жоспар өңірдегі халықпен қанша талқыланса да, Үкімет басшысы Ұлттық экономика мен Ақпарат министрліктеріне артық етпес деп халық арасында тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде