{metadescription}
Абаев билікті сынаған азаматтардың қысым көрмейтінін айтты
Абаев билікті сынаған азаматтардың қысым көрмейтінін айтты

Абаев билікті сынаған азаматтардың қысым көрмейтінін айтты

Ақпарат министрі Дәурен Абаев сыншыл адамдардың ой-пікір еркіндігі қорғалатынына уәде берді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

-Қудалау болмайтынына кепіл бере аламын. Сіздер Қазақстанда сөз бостандығы бар ма, жоқ па деген сұраққа әкеп тірей бересіздер. Мысалы қазір маған қалаған сұрағыңызды қойып тұрсыз, басқа да министрлерге еркін барып сұрақ қоя аласыз. Содан қысым көріп жатсыз ба? Сауалды, не сынды біреудің жеке басына, арына тимей жазсаңыз мархабат.

Еске салсақ, өткен аптада Мәжіліс БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобаны мақұлдады. Онда адамдардың интернетте жасырын пікір қалдыруын тыятын норма бар. Енді өз көзқарасыңды білдіру үшін электронды кілттегі жеке мәліметті тіркеу немесе өз телефон нөміріңнен смс хат жіберу керек. Жасырын пікірдің артыңда кім тұрғаны белгілі болса, сынға да орын бар. Ал егер шенеуніктің жеке басына тиісіп, ұлтаралық қатынасты ушықтыратындар заң алдында жауап береді. Сондай-ақ, жақын арада мемлекеттік қызметкерлер смартфондарымен қайта қауышуы мүмкін. Ақпарат министрлігінің техникалық мамандары мемлекеттік мекемелердегі ақпарат қауіпсіздігін сақтай отырып, гаджеттерді қайтарудың жолын іздестіріп жатыр екен. Бірақ нақты мерзім белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.