{metadescription}
Алматыда балаларына вакцина ектірмейтін ата-аналардың көбеюіне не себеп?
Алматыда балаларына вакцина ектірмейтін ата-аналардың көбеюіне не себеп?

Алматыда балаларына вакцина ектірмейтін ата-аналардың көбеюіне не себеп?

Екпе салудан бас тартқандардың қатары көбейіп барады. Алматылық дәрігерлер вакцинациядан ат-тонын ала қашқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен нәтижесі болмай тұр. Себебі, былтыр 2 жасқа дейінгі 1067 балаға екпе егілмесе, биыл он айдың ішінде олардың саны 50 бүлдіршінге артқан. Ал, дәрігерлер, түрлі инфекцияларға қарсы заңмен бекітілген екпелер міндетті түрде жасалуы тиіс дейді.

Вакцинацияның тиімді тұстарын жан-жақты дәлелдеуге тырысқан  дәрігерлер, ата-аналарға кез келген кезде көмектесуге әзірлігін айтады. Тіпті, психологиялық тұрғыдан кеңес беріп, екпенің зиянсыз екеніне көздерін жеткіземіз дейді. 

Айгүл Жақыпова, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

-Әрбір бала екпе алуы керек, өзінің жасына сай. Перзентханада бала босанғаннан кейін туберкулезге және вирусты В гепатитіне қарсы алуы керек. Екі айдан бастап, екпе күнтізбесіне сәйкес барлығын алуы қажет.

Алайда, былтыр Алматыда 2 жасқа дейінгі 1067 балаға екпе егілмесе, биыл олардың қатары 50 балаға артыпты. Бұл тек 10 айдың ішіндегі көрсеткіш. Бірақ, дәрігерлердің кеңесінен соң, райынан қайтқан ата-аналар да бар екен.

Салтанат Бекбергенова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Екпеге өте қарсы болғанмын. Неше түрлі әңгімелерді айтқаннан кейін әкесі екеуміз қарсы болдық. Қазір балалалырм меткепте. Ешқандай қарсылымығыз жоқ. Манту, БЦЖ десе барлығын аламыз. Грипке қарсы да алып жатырмыз.

Даудың басы да, соңы да бұл емес. Тіпті, бұдан бұрын діни көзқарастарымен балаларына екпе жасатпайтындарға 22 мың теңге айыппұл салынатыны айтылған болатын.

Айнұр Шығырова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы:

-Заңмен бекітілген міндетті екпелер бар. Оларды ата-аналар баланы туған күннен жасатулары тиіс. Ал олай болмаған күнде, балалары балабақшаға қабылданбайды. Кейін мектепке де бара алмайды.  

Дәрігерлердің мәліметінше, ата-аналардың 80 пайыздан астамы жеке себептерге байланысты екпеден бас тартады. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімеге иланып,  вакцинацияның пайдасына сенбейтіндер бар. Діни көзқарасына қатысты екпені құп көрмейтіндер де жетерлік. Ал, биыл екпеден теріс айналған ата-аналардың саны 14 пайызға артып, он мыңға жетіпті. Демек,  дәрігерлерге әлі талай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тер төгуге тура келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.