{metadescription}
Қазақтар қой етін аз жейтін болған
Қазақтар қой етін аз жейтін болған

Қазақтар қой етін аз жейтін болған

Ет дегенде бет бар ма дейтін халқымыздың тәбетіне тоқтаусыз өскен баға әсер етпей қоймапты.

Тіпті, қара суықта ет жеп жылынатын солтүстік тұрғындарының да қымбатшылықтан қойға тәбеті тартпай қалған. Ал ең қымбат баға  Астанада. Былтыр ғана келісі -1487 теңгеден сатылған қой еті биыл 1700 теңгеге дейін өсіп, жылқы етінің бағасымен теңескен. Алматыда да осы шамалас. Тек 100 теңгеге арзанырақ. Ал Ақтауда 1300-ден 1500-ге қымбаттаған. Атыраулықтар да балықты місе тұтуға мәжбүр. Өйткені, баға мұнда да біршама көтерілген. Ең арзан еттің отаны саналған Шымкенттің өзінде қой 270 теңгеге қымбаттап шыға келіпті. Осылайша, сиыр етінен де майлы, әрі қуатты қойдың құны да ешбір еттен кем болмай тұр. Салдарынан қазақтар қойды қойып, өздерін тауықпен алдаусырататын болыпты. Өйткені, статистикаға сүйенсек, тауық етіне сұраныс өспесе, азаймаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде