Тайландта жол апатына ұшыраған отандасымыз әлі елге орала алмай жүр
Анар Төлегенованың миы шайқалып, бірнеше апта жергілікті ауруханада жатқан. Жерлесіміз сол қабылдаған емінің ақысын төлемейінше Қазақстанға қайтпайды.
Автор: Жәудір Оразхан
28.11.2017
Анар бір ай бұрын Тайландтағы Пхукет шипажайында жол апатына ұшырап, миы шайқалған. Бойжеткен мінген мотоциклдің рөлінде Ресей азаматы болған екен. Полицейлер оқыс оқиғаға Дмитрий Белобородовты кінәлі деп, оның төлқұжатын алып қалған. Аурухананың 3 миллион теңгеден астам шығынын да 24 жастағы Ресей азаматы өтеуі тиіс еді. Ал ол құжатсыз полициядан жасырынып жүр. Анар Төлегенованың жағдайынан біздің дипломаттар да хабардар. Елшіліктегілер бойжеткеннің визасын ұзартып беріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!