{metadescription}
 Қытайдағы қазақтардың жанайқайына шенеуніктер енді құлақ асты
 Қытайдағы қазақтардың жанайқайына шенеуніктер енді құлақ асты

Қытайдағы қазақтардың жанайқайына шенеуніктер енді құлақ асты

Соңғы кезде Шыңжаңда тұратын қандастарымыз қысым көруде деген ақпарат жиілеп кеткен болатын. Жағдай ушыға түссе керек, мәселеге енді дипломаттар араласуға мәжбүр.

Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Камалдинов Қытай елшісі Чжан Ханьхуэйеммен кездесіп, қазақ диаспорасының жағдайын талқылапты. Ал жыл соңында Сыртқы істер министрінің тағы бір орынбасары Мұхтар Тілеуберді Үрімшіге аттанбақ. Ақылбек Камалдинов та сол кезде Бейжіңге іссарармен баруды жоспарлап отыр. Негізі, «Қытайдағы қазақтардың құқығы тапталуда» деген әңгіме жазда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында айтылған. Кейін сенаторлар да осы мәселенің қаншалықты шындыққа жанасатын тексеруді сұрап, премьерге сауал жолдады. Өйткені, қандастарымыздың діни құқықтары бұзылған, шетелге шығуға шектеу қойған, тіпті, Қытай билігі оралмандық алу үшін рәсімдеген құжаттарын қайтаруды талап етеді екен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде