Петропавлда апатқа кінәлі жүргізушіге қатысты іс қозғалды
Петропавлда пойызбен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Темір жолды кесіп өту ережесін бұзған ол енді бірнеше жылға көлік айдау құқығынан айырылып қана қоймай, кәсібін де өзгертуге тура келмек.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
28.11.2017
Оқиға түнгі сағат бір кезінде болған. Көлігі мен тіркемесіне қиыршық тас толтырып алған 49 жастағы жүргізуші пойыз келгенше шойын жолды кесіп өтіп үлгеремін деп ойлапты. Алайда оның бұл есебі дұрыс болмай, ақыры соғысып қалған. Көлік аударылып, қиыршық тас темір жолды басып қалып, соның салдарынан тепловоз рельстен шығып кеткен. Апаттың салдарын жоюға бірнше сағат кетті. Пойыздар аз жүретін бекеттің бұл торабында семафор орнату қарастырылмаған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!