Биыл көрнекті этнограф Жағда Бабалықұлының туғанына 100 жыл
Осыған орай бүгін Алматыда төрт томдық энциклопедиялық басылым жарық көрді.
Автор: Аида Мағыпар
29.11.2017
Кітаптардың авторы -еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов. Бұл басылым осыдан жеті жыл бұрын жарық көрген Жағда Бабалықұлының «Этнографпен әңгіме» кітабының заңды жалғасы. Қаламгердің жаңа туындысы «Дәстүр : кеше, бүгін, ертең» атты төрт томдық кітапта мәдениет, өнер, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, ырымдар мен тыйымдар туралы кеңінен қамтылған. Энциклопединяны жазу барысында Бегманов 96 саладағы мамандармен сұхбаттасып, бұрын ешбір жерде айтылмаған мәліметтерді тапқан. Өзінің айтуынша , тағы бір томға арқау болар ақпараттары да бар екен.
Қасымхан Бегманов, Жазушы:
-Кітаптың аты өздерініз көріп отырсыздар «Дәстүр : кеше, бүгін, ертең» әзірше жарық көрген төрт томдық ,келесі жылы алла қаласа бесінші томы жарық көреді.Бұл төрт томдылықта сұраққа жауап іздейміз,сонда біздің ұлт неге ұсақталып кетті деген сұрақтар қойдым?Сондай сан түрлі сұрақтар қойылды.Өзің өзіне қол жұмсаған суицттерге барғандарға жеке молла бірге көмуге болмайды, 100 доллор берсеніз молла жан азасын шығара салады сондай сұмдық жағдайлар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!