Тондар мен тері өнімдерінен тігілген киімдер таңбаланатын болды
Яғни осындай әрбір сырт киімге оның қашан, қайда, қандай аңның терісінен тігілгені туралы ақпарат бар чип шапталатын болды. Бұл әзірге пилоттық жоба. Заң түрінде 3 айдан кейін күшіне енбек. Оған дейін тауарларын таңбалап үлгермеген кәсіпкерлерге айыппұл салынады.
29.11.2017
Дүкендерде тондардың түр-түсінен көз сүрінеді. Бағалы киімнің қай аңның терісінен тігілгенін ажырату қиын. Сондықтан кейбір пысықай саудагерлердің қоянды құндыз дегендеріне сеніп, алданғандар да аз емес. Тіпті арзан жүнді жақсылап өңдегендіктен осы салада жүрген мамандар да шатасып қалады екен.
Дәл осындай оқылықтар болмас үшін әрі көлеңкелі бизнестің көзін жою мақсатында тоңдарға арнайы чиптер орнатылмақ. Яғни, осы құрылғының арқасында әрбір тұтынушы тонның қандай теріден тігілгендігін, өндірген мемлекеті мен жеткізушісі жөнінде ақпаратты толықтай ала алады. Көрші Ресейде бұл заң осыдан бір жыл бұрын қабылданды. Енді,еліміздің кәсіпкерлері 90 күн ішінде тері өнімдерін таңбалап үлгерулері тиіс.
Диас Ілиясұлы, дүкен директоры :
-Біз қолымызда бар тондарды таңбалау жүйесіне дайындықты бастадық . Ол үшін Астанадағы тиісті мекемеге тері киімдері туралы ақпаратты толықтай жібереміз.Содан соң олар бізге таңбалайтын арнайы чиптерді жөнелтеді.Егерде кәсіпкерлер тауарын таңбаламаса оны тәркілейді немесе айыппұл салады.
Тондардың таңбаларын кәсіпкерлердің өздері сатып алады.Әрі оны тіркеп, рәсімдеуі тағы бар. Бұнын барлығы, сырт киімдердің бағасының көтерілуіне әкелуі мүмкін деп саудагерлер алақандарын ысқылап отыр. Алайда, жауапты орган өкілдері киімнің құнына әсері бомлайды деп сендіруде.
Заңғар Шыңдәлі, Алматы қалалық МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы:
-Таңбалардың сомасы тонның бағасына әсер етпейді. Өйткені тон бізде мың доллардан аса тұрады, ал таңбаның бағасы 400-500 теңгеден аспайды. Бұл еш қалай әсер етпейді.
Бұл ереже тек кәсіпкерлерге қатысты. Ал тон мен ішіктің бір данасын шетелден өзіне арнап әкелген жеке тұлға чип орнатудың қажеті жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!