Алматы жұрты Мұзафар Әлімбаевпен қоштасты
Бүгін қазақ жұрты көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевты ақтық сапарға шығарып салды. 95 жасқа қараған шағында дүние салған абыз ақсақал Алматыдағы арыстар мен алыптар жатқан Кеңсай зиратына жерленді.
Автор: Мақсат Мәлік
29.11.2017
Саналы ғұмырының 70 жылын қазақ руханиятының өркендеуіне сарп еткен ақын түрлі жанрда қалам тербеп, әсіресе қазақ балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған сәттен 30 жылға жуық басылымның бас редакторы қызметін атқарды. Тоқсаннан асқанша қолынан қаламын тастамаған сөз сергері 70 төл тума және аударма кітаптардың авторы атанды. Халықтың жүрегінен орын алған бірнеше әнге сөз жазып, шығармалары әлемнің 20 тіліне аударылған. Әрі Мұзафар Әлімбаев еліміздің алғашқы әнұраны авторларының бірі. Қаралы жиында ақынның соңынан ерген әдебиет өкілдері, қазақ поэзиясын кестелі ой, тапқыр сөзімен өрге сүйреген оның ұлт руханиятындағы орны ойсырап тұратынын айтты. Ал, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек марқұмның туған-туысқандарына президент жолдаған көңіл айту хатын оқыды.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
-Мұзафар ағаның есімі мен еңбегін халқымыз ешқашан ұмытпайды деп ойлаймын. Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!