{metadescription}
Шымкентте эротикалық видеомен аты мәшһүр болған шенеунік қызметіне қайта келді
Шымкентте эротикалық видеомен аты мәшһүр болған шенеунік қызметіне қайта келді

Шымкентте эротикалық видеомен аты мәшһүр болған шенеунік қызметіне қайта келді

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Нұржан Тұрсынбайдың жыныстық қатынасқа түсіп жатыр делінген видео биыл жазда әлеуметтік желілерге тараған еді. Осы масқарадан соң іле-шала өз қалауымен қызметінен кеткен шенеунік 6 айдан кейін сот ол қайтадан орнына алын сын деген шешім шығарды. Алайда, оны ұжымның өзі көргісі келмейтін болып шықты. Дінтанушылар бірауыздан Нұржан Тұрсынбай кетсін деген талап қойып отыр.

-Сонша жыл бірге жұмыс істеген ұжымы басшыға неліктен сонша қарсылық танытып отыр?

Талай жыл имам болып, осы орталыққа 5 жылдай басшылық еткен тәжірибелі Нұржан Тұрсынбайға ұжымы расымен түгел қарсылық танытып отыр.

Дінтанушылардың айтуынша Нұржан Тұрсынбай мұның алдында басшы болып тұрған шағында да көресін көргенбіз дейді. Яғни, ол діндар бола тұра кадрлік бизнестің көркін қыздырыпты.  Қит етсе ақша жинап, орталық мамандарының қызметінде қалуы үшін де ақша сұрататын болған.

Ғазиз Аппазов, дінтанушы:

 -Өз орныңда қалатын болсаң маған 200 мың бересің деді. Ол рас нәрсе. Бұл жақта біздің мамандар да біледі ол жайында.

Тіпті, дөрекілік көрсетіп қоластындағыларды құлша жұмсаған кездері де аз болмапты. Қызметкерлерді жекелеп шақыртып, түбегейлі бағынышты боласың деген шарт қоятын көрінеді. Сылтау тауып, я болмаса күн көрсетпей келді деген дінтанушылар бүгін бұрыңғы басшы Нұржан Тұрсынбайды қайта көргенде төбе шаштары тік тұрды. Директорды әкелген облыстық шенеуніктің көзінше жаппай қарсы шыққан ұжым Нұржан Тұрсынбай кетсін деп шорт кесті.

- Алайда бұл кісі келетін болса  біз қайтадан жұмысты тоқтатып қойып, мына кісінің мәселесімен ары қарай жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан біз бұл кісімен істесе алмайтындығымызды ұжым ретінде білдіріп, міне ел алдында жаппай айтқымыз келді.

Белгілі дінтанушы, Діни басқарманың Семей өңірі бойынша өкіл имамы болған Нұржан Тұрсынбайдың аты биыл мамыр айында шыққан еді. Оған ұқсас азаматтың жыныстық қатынасқа түсіп жатқан видеосы әлеуметтік желілерге таралған. Осыдан соң бір күннен кейін өз еркімен жұмыстан кеткен ол жарты жыл видеода өзге еркек екенін дәлел іздеген. Сот шешімімен ақталдым деген ол өзіне ұжымның қарсы болғанын жұмыстағы қаталдығымен түсіндіреді. Сүттен ақ, судан тазамын деген басшы орнымнан кетпеймін деп отыр.

Нұржан Тұрсынбай, ОҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры:

-Жұмыстан кететін, кетем деген менімен жұмыс жасай алмаймын деген адамдар болатын болса ашық айта аламын есік ашық. Ал, ертең орындарына одан жақсы адам болмаса одан төмен адамды мен әкелмеймін.  

Қайта келген директор енді ұжымдастарымен соттаспақшы. Ал, дінтанушылар өз кезегінде басшыға қатысты бүгіннен қалмай Прокуратура мен облыс әкіміне шағым түсірмекші. Яғни, орталық өз жұмысымен емес, өзара қырқысумен айналысатын түрі бар.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.