Елімізде жер тек Қазақстан азаматтарына берілетін болды
Жер жаппай жалға беріледі! Еліміздегі ауыл шаруашылығына арналған жерлерді Қазақстан азаматтары 49 жылға дейін тегін пайдалана алады. Ол үшін қолыңызда бизнес жоспар мен айналысатын кәсібіңізге қажетті техникаңыз түгел болуы тиіс. Мәжіліс осынай бірқатар өзгеріс енгізілген Жер қатынастарын реттеу туралы заңды бүгін мақұлдады. Төменгі палатадағы жалпы отырыстан оралған тілшіміз қазір тікелей эфирге қосылғалы тұр.
Автор: Жәудір Оразхан
29.11.2017
-Жәудір, қайырлы күн. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер нақты кімдерге жалға беріледі және фермер мемлекетке мүлдем ақы төлемей ме?
Егін егіп, мал өсіремін деген кез-келген адамға жер жалға беріледі. Мүлдем ақысыз, пайдаланушы тек жер салығын төлейді.Бірақ, фермер міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы тиіс. Шетелдіктерге бір жапырақ та жер жоқ. Үкімет үміткерлерге нақты талаптар қойып отыр. Оны бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің өзі түсіндіріп берді.
Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-49 жылға дейін жалға беріледі. Ол үшін ең бірінші кезекте оның бинес жоспары талап етіледі. Айталық, мен осындай өндіріспен айналысамын, оның сай есеп-қисабы мынада деп. Міне, осының бәрін жоспарға сайкес оның барлығы қаралады.
Сондай-ақ, шенеуніктер әр 5 жылда фермердің жетістігін, жұмысының нәтижесін тексереді. Топырақтың құнарлығын құртып, фитосанитарлық нормаларды бұзғандардан жерді қайта тартып алмақ.
-Жәудір, ал мыңдаған гектар жерді жалғыз иеленіп алғандарға ше, бұл заңның қатысы бар ма?
Үкіметтегілер латифундистердің меншігіндегі жерге әзірге тиіспейміз деп отыр. Алайда, олардың да жерге не егіп, оны қалай пайдаланып жатқанын тексермек. Ол үшін заңа жаңа талап енгізген. Алдағы уақытта дәл осылай бір адам мыңдаған гектарды жалғыз иеленіп алмауы үшін, жалға берілетін жердің аумағына шектеу қойдық дейді министр.
Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-Өздеріңіз білесіздер, ірі, әсіресе, мына солтүстік өңірде бидай өндіретін немесе дәнді-дақылмен айналысатын компанияларда жүздеген мың гектар жердің бір қолда екені белгілі. Осыны ескеріп, жалға бегенде де шектік мөлшерді енгізу осы заң жобасында қаралып отыр.
Ал кімге қанша жер берілетінін жергілікті әкімдер шешеді. Жалпы, қазір елімізде ауыл шаруашылығына арналған 102 миллион гектар жер бар екен. Оның 1 жарым миллионға жуығын жеке компаниялар сатып алған. Қалғаны бос жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!