Ұлттық банк гауһартасы бар жаңа 500 теңгені жарыққа шығарды
«Домбыра» атты күміс тиын "Дала қазынасы" монеталар сериясына жатады. Өзіндік құны 18 500 теңге.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.11.2017
Ол 500 теңгелік номинал ретінде банктерде есептесу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Тиын ақша «пруф» дайындау сапасымен 925 сынамадағы күмістен құйылған. Салмағы 31 грамм, диаметрі 39 мм-ге жуық. Бетіне диаметрі 1 миллиметр болатын бір гауһартас орнатылған. Үш мың данамен шығарылған тиынды бүгіннен бастап Ұлттық банктың ғаламтордағы сайтынан тапсырыс беріп сатып алуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!