{metadescription}
 Көкшетауға қарасты Красный Яр кентінде тұрғындар наразылық білдірді
 Көкшетауға қарасты Красный Яр кентінде тұрғындар наразылық білдірді

Көкшетауға қарасты Красный Яр кентінде тұрғындар наразылық білдірді

Олар мұндағы аурухана мен емхана жабылады дегенді естіген соң құзырлы орындарға тегіс шағым түсіріпті. Алайда тұщымды жауап болмағаннан кейін Астанаға дейін барған. 14 мыңға жуық халқы бар кент тұрғындарының бұлайша дүрлігуі тегін емес. Бұған дейін жедел жәрдем қызметі қалаға ауыстырылып, қазір жұрт дәрігердің шұғыл көмегін сағаттап күтеді.

Кенттің орталық алаңына медициналық көмекке көп мұқтаж мүгедектер де келіпті. Тұрғындар аурухана мен емхананы өлсек те жапқызбаймыз деп отыр. Олар бірнеше шақырым жердегі қалаға қарасты медициналық мекемелерге бару қиын болатынын айтады. 40 кереуеттік аурухана мен шағын емхана бұларға ыңғайлы болып келген. Енді оларды қалалық аурухананың құрамына береді дегенді естіген елден маза кеткен. 

-Жақын маңдағы 1300 тұрғыны бар Нұрлыкөш ауылының тұрғындары да осы Красный яр арруханасына қаралады екен. Оған қоса Қызылжұлдыз, Чайкино ауылдары үшін іргедегі медицина мекемесі қолайлы болып тұр. Осы елді мекендегі жұрт енді бұл мүмкіндіктен айрылсақ,ауру сырқаулы жандар қиналып қала ма деп алаңдаулы.

Аурухана мен емхананы сақтап қаламыз деген жұрт облыстағы құзырлы орындарға тегіс шағым түсірген. Оған жауап болмапты. Әбден ашынған олар Астанаға барып, Президент әкімшілігіне шағым жазған. Ол жақтан облыс әкімдігіне тапсырма берілгені туралы жауап алады. Сөйте тұра, жағдайды әлі ешкімнің түсіндіретін түрі жоқ дейді тұрғындар.Түсіндірдік деп тұрған Красный Яр кентінің әкімі Нұрлан Айсин. Ал облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері халық наразылық білдіріп алаңға шығып кеткенде бір-ақ келді.

-Сіз тыңдаңыз, Халықты тыңдаңыз. Бұл не деген сұмдық!

Мұндағы жедел жәрдем қызметін осыдан 3 жыл бұрын қала ішіне ауыстырған. Енді бас ауырып, балтыр сыздай қалса, шұғыл көмекті ұзақ күту керек. Ал енді ауруханадан да айырылсақ, күніміз қараң болмақ дейді тұрғындар. Алайда шенеуніктер аурухана мен емхананың жабылмайтынын, тек қайта жасақталатынын айтуда.

Зүлфира Намазбаева,Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Отбасылық денсаулық орталығы болып өзгереді. Бұл алдағы жылы болады. Осы дәрігерлер құрамы сақталады. Сіздер онсыз да қатты ауырғанда қала орталығына барасыздар ғой. Солай болып қалады. Ал емханада ем-дом ала бересіздер.

Атқамінерлердің айтуынша, алдағы жылы аурухана мен емхана күрделі жөндеуден өтпек. Сөйтіп, Көкшетау қалалық ауруханасының құрамына беріледі. Бұдан тұрғындарға келер еш зиян жоқ дейді олар. Бірақ осы жағдайларды наразылық шарасына дейін халыққа ешкім түсіндірмепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.