Жарты ғасыр бойы сақталған хат енді жоқ
Осыдан 50 жыл бұрын мектеп оқушылары болашаққа хат жазып, Ақтау қаласының орталық көшелерінің біріне көмген болатын. Жолдауды 1-желтоқсан күнгі мерекеде ашып, оқимыз деген қала басшылығы енді не істерлерін білмей дал.
29.11.2017
Бисенғали Кенжәлиев, Ақтау қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Тағы бір факт 2000 жылдары жөндеуден өткен кезде капсула уақытша музейге табысталды деген. Бірақ музей директорының ақпараты бойынша ондай мәселе орын алмаған.Яғни,капсула музейге тапсырылмаған.
Қала тұрғындары капсуланы осы айдың басында ашпақ болған. Алайда жергілікті билік оны тұңғыш Президент күніне қалдырып, жиналған қауымды кері қайтарған еді. Айтулы күнге дайындап қоймақ боп, екі күн бұрын қимылдаған шенеуніктер жер сипап қалды. Болашаққа жолданған хатты атқамінерлер жер-көктен іздеп, ғаламтордағы сайттардың бірінен тауыпты. Онда әлдекім жолдауы бар капсуланы 4 млн теңгеге бағалапты. Іске енді тәртіп сақшылары араласуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!