{metadescription}
Банктерде депозит сақтаушылардың 95 пайызы есепшотын теңгемен ашқан
Банктерде депозит сақтаушылардың 95 пайызы есепшотын теңгемен ашқан

Банктерде депозит сақтаушылардың 95 пайызы есепшотын теңгемен ашқан

Бірақ, солардың депозитке салған қаражаты бүкіл салымның 43 пайызын құрайды.

Яғни,салымшылардың 5 пайызы ғана депозитін шетел валюталарымен ашқан. Ал олардың жиған ақшасы жалпы соманың 57 пайызын беріп отыр. Айта кетерлігі, шетел валюталарымен сақталған депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі желтоқсанның 1-інен бастап 1 пайызды ғана құрайтын болады. Бірақ соған қарамастан депозиттер жиынтығының жартысынан астамы шетел валюталарымен сақталған. Бірінші қарашадағы жағдай бойынша бүкіл депозиттер сомасы 8 триллион теңгеден асып тұр. Бұл былтырдан бері он пайызға артқанын көрсетеді.

Бақыт Қоғұлов, Қазақстан Депозиттерге Кепілдік беру қорының төрағасы:

-Былтырғы күнмен салыстырғанда депозиттер 770 миллиард теңгеге өсіп отыр. Сондай-ақ, депозиттер жүйесіндегі есепшоттарға қарасақ, ол жерде де 43 пайызға өсімді көріп отырмыз. Депозиттер жүйесіндегі валюталық бағамына қарастыратын болсақ, бүгінгі күнде ұлттық валютадағы депозиттердің мөлшері 43 пайызды құрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.