{metadescription}
Атырауда мұнай-газ саласына халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын колледжде шу шықты
Атырауда мұнай-газ саласына халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын колледжде шу шықты

Атырауда мұнай-газ саласына халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын колледжде шу шықты

Оқу орнының бұрынғы оқытушысы Динара Меңдібаеваның айтуынша, мұндағы былықты басшылықтың бетіне басқандар біржола жұмыстан қуылады екен. Бұл мекеме жемқорлардың ордасына айналған дейді ол. Басқасы басқа, 100 пайыз мемлекеттен қаржыландырылатын мекеменің ғимараты шетелдік компанияларға жалға беріліп қойған көрінеді.

Бір кездері осындағы қызметкерлермен қоян-қолтық жұмыс істеген Динара Меңдібаева қазір олармен ашық айқасқа көшкен. Айтуынша, өздеріне  қажетті құжаттарға қол қоймағандықтан, басшылық келісім-шартты ұзартпай қойыпты.

Динара Меңдібаева:

-Біздің әрқайсымызға шетелдік мұғалімдерді бекіткені үшін оларға 30-50 мың теңге қосылады. Ал маған ешкімді бекітпеген. Олар тіпті мұнда атымен жоқ. Мен неге болмаған нәрсеге болды деп қол қоюым керек?! Онсыз да шетелдік мұғалімдерге деп мемлекеттен жылына 13 миллион доллар бөлініп отыр. Ал олардың орнына кәдімгі мектеп мұғалімдері мұнай-газ саласы бойынша сабақ беріп жүр.

Бұдан өзге, Меңдібаева сабаққа мүлде қатыспайтын студенттердің  бұл жерден еш қиындықсыз диплом алып шығатынын айтады. Ол үшін басшылық бармақ басты, көз қысты әрекетке баратын көрінеді. Мұның барлығын дәлелдейтін құжаттарды тізіп, тиісті орындарға тапсырғанымен, нәтиже шықпайды екен. Есесіне, колледж басшылығы бұрынғы оқытушыға  жиі қоқан-лоққы жасайды-мыс.

-При студентах вас били?

-Да.

-Кто?

-Халыков?

-Халыков при студентах?

-Он сказал, по вашему приказу, мне угрожали кастильянша, охранники.

Бірақ оқу орнының басшылығы айтылған деректердің бәрі жала деп отыр. Олардың айтуынша, Динара Меңдібаева өз қызметін дұрыс атқара алмапты. Және оқу процесінің өзгеруіне байланысты оның мамандығына деген сұраныс болмай отыр қалған. Ал Меңдібаевның жан-жаққа жазған арыздары мен тексерістердің санынан жаңылғанын айтқан оқу орнының басшысы олқылық табылса, орнымнан әлдеқашан кетер едім дейді.

Ермек Күзенбаев, «APEC Petrotechnic»» жоғары колледжінің директоры:

-Қазіргі таңда бұл кісі жиырмадан аса арыз жазған шығар. Бәрі келіп тексерді. Барлығынан қорытындысын алдық. Егер заңсыздық болса айыппұл салар еді ғой.

Былтыр ғана алғашқы мамандарын аттандырған халықаралық деңгейдегі колледж басшылығы мен қарапайым мұғалім арасындағы жанжалдың немен аяқталары әлі белгісіз. Әзірге Динара Меңдібаева облыстық прокуратура мен еңбек инспекциясына арыз түсіріпті. Ондағылар  арызда көрсетілген деректер бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Құзырлы орган өкілдері кінәлілер анықталса, заңды жазасын алады дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде