{metadescription}
Ішкі істер министрлігінің оффоршадағы былығы әшкереленді
Ішкі істер министрлігінің оффоршадағы былығы әшкереленді

Ішкі істер министрлігінің оффоршадағы былығы әшкереленді

Депутаттар Ішкі істер министрлігінің оффшорда тіркелген компаниямен жұмыс істегеніне үзілді-кесілді қарсы. Мәжілісмен Кеңес Абсатиров 13 бірдей облыстың Ішкі істер департаменті Кипрде тіркелген мекемеге тұрақты тапсырыс беріп келгенін айтып, іске премьердің араласуын талап етті.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының полицейлері көліктің жылдамдығын тексеретін құрылғыларды тек «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» серіктестінен сатып алған. Ал бұл мекеме Кипрдегі ең ірі офшорлық аймақта тіркелген компанияның иесіне тиесілі екен. Айта кетсек, дәл осы компанияның көшедегі тіркеуіштеріне түсіп, айыппұл арқалаған жүздеген жүргізуші күні кеше шу көтерген болатын. Енді халық қалаулылары сақшылар мен осы орталықтың қандай байланысы барын анықтауды талап етіп отыр. Өйткені, шенеуніктер соңғы кезде мемлекеттік тендер арқылы офшорлық аймақтардағы фирмаларға тапсырыс жасауды әдетке айналдырыпты. Осы жолмен қазына қаржысы шетелге шығарылып жатыр дейді депутат. 

КеңесАбсатиров, Мәжіліс депутаты:

-Ішкі істер министрлігіне қарасты департаменттердің «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» арқылы мемлекеттік тендерлерді қалай өткізгенін жіті тексеруді ұсынамыз. Әсіресе, баға саясатына мән беру керек. Құрылығылардың құны нарықтан қанша есе қымбат болды? Және мемлекеттік тендерге офшорлық компаниялардың қатысуына тыйым салу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде