{metadescription}
Тікелей эфир:  Алматыда Назарбаевтың атын иеленген даңғыл несімен ерекше?
Тікелей эфир:  Алматыда Назарбаевтың атын иеленген даңғыл несімен ерекше?

Тікелей эфир: Алматыда Назарбаевтың атын иеленген даңғыл несімен ерекше?

Алматылықтар президенттің есімін енді жиі қайталайтын болды! Өйткені, қаладағы ең негізгі көшелердің бірі Фурманов көшесінің атауы бүгіннен бастап Тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгертілді. Көшені Ұлт көшбасшысының атымен атауды Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссия да бірауыздан келіскен. Соның нәтижесінде, қала мәслихаты отырысында таңатысымен осындай айрықша шешім қабылданды. Жап-жаңа атауға ие болған көшеден қазір тілшіміз бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр. Аруна, жаңа көшенің жұрт білмейтін қандай ерекшеліктері бар?...

і көшенің жаңа атауы жайлы алматылықтар не деп жатыр?

Елбасының есіміне ие болған көше қаладағы орны бөлек көшелердің бірі. Ал бүгін ол тіпті ерекшелене түсті. Нақты осы көшенің Президенттің атымен аталуы кездейсоқтық болмаса керек. Өйткені, бұл күрежол о бастан Президенттің жүретін жол саналады. Яғни, Алматыға арнайы ат басын бұрғанда Елбасы кортежі осы жолмен жүріп, бүкіл күш құрылымдары осы көшенің бойымен сап құрады. Ал бүгін оның басқа көшелерден басымдығы тіпті арта түсті. Көше атауын өзгерту туралы шешімді бірауыздан қабылдаған қалалық маслихат депутаттары бұл Елбасыға емес, керісінше көшеге көрсетілген үлкен құрмет деп атап көрсетті.

Қали Сәрсенбай, Алматы қаласы мәслихат депутаты:

-Мемлекетке осындай қызмет етуі, осындай жанкешті жұмыс жасауы бұл әрине қалай мақтасақ та жарасады деп ойлаймын!

Бұл көшенің атауы тек 3 мәрте ғана өзгертілген. Бірінші  Лепсі. Одан кейін революционер, әрі жазушы Фурмановтың аты берілген. Кеңес кезінде қойылған көше атауы содан бері өзгермеген. Ал бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы даңғыл деп аталып, айдар тағылды. Алматы көшелерінің бірін Елбасы атын беруді көпшілік көптен бері сұрап жүріпті.

Бауыржан Бәйбек, Алматы қаласының әкімі:

-Жекеленген азаматтар мен түрлі жастар ұйымдарынан Тұңғыш Президент елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін Алматы қаласындағы орталық көшелердің біріне  Фурманов көшесіне беру жөнінде көптеген өтініштер келіп түсті.

Ұлт көшбасшысының есіміне ие болған көшеде Елбасының Алматыдағы резиденциясы, әрі Алматы қаласы әкімдігінің зәулім ғимараты алматы әкімдігі, орталық мемлекеттік мұражайдың орналасқанын айта кетейік. Метро стансаларының көпшілігі осы көшенің бойында. Әрі осы көшеде жол қозғалысы өте қатаң. Яғни, көліктердің тоқтауына тыйым салынған.

Әрі тек бір бағыт  оңға қарай бұрылуға рұқста етілген. Осылайша, алматылықтар Президентке ертеңгі мерекесіне осындай ерекше сый тарту етті. КТК журналистері үшін де бүгінгі жұмыс күні ерекше басталды. Өйткені, телеарнаның бас редакциясы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылда орналасқандықтан, такси жүргізушілеріне көшенің жаңа атуын айтып, жеткізіп салуды сұрандық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.