Атышулы Баян Мақсатқызы әкімнен зорлық көрген қызға араша түсті
Шымкенттің экс-әкімі зорлық, ал оның жары қорлық көрсетті деген әйелге белгілі продюсер Баян Мақсатқызы араша түсті! Әлия Байділдаеваның тағдыры атышулы продюсерді бей-жай қалдырмапты. 3 жыл бойы азапты өмір сүрген келіншектің қазір 2 баласымен Алматыда қашып жүргенін айта кетейік. Ал, өзі де бұрынғы күйеуінен таяқ жеп, 1 жарым жылдан бері дәрігер жағалап жүрген продюссер отбасындағы зорлық-зомбылықпен күреске мықтап кіріспек. Өйткені, көгала қойдай болған әйелдер көмек сұрап жаппай Баянға баратын болған. Ол осы мәселеге келгенде биліктің үнсіздігіне ашулы.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
30.11.2017
2 баласын жетектеген Әлия азаптан құтылғанына әлі сенер-сенбесін білмейді. "17 жасымда Шымкенттің экс-әкімі зорлап, еркінен тыс тоқалы етті дейді келіншек. Әлияның қорқынышты өмірі бар шындықты Өмірзақ Әметұлының бірінші отбасы білгенде басталған. Айтуынша, шендінің әйелі өш алу үшін шиеттей 2 қызымен оны жатақханада қамап ұстапты. Тіпті, мұраға таласады деген үреймен Әлияны қыздарынан бас тартуға мәжбүрлеген көрінеді. Бұған қарсылық танытамын деп, оның көрмегені жоқ.
Әлия Байділдаева:
- Ең қатты маған тигені осылай бізді отырғызып, денеме ине тыққан кезі қатты тиді. Кейін барып, мына ауыратын қызды ұратын болды.
Сол кезде көмек сұрап, келіншектің қақпаған есігі қалмаған. Бас прокуратураның өзіне 18 рет шағым түсіріпті. Бірақ, еш пайда болмай, ақыр соңында Баянға жылап барған. Атышулы продюсер қазір бұларды экс-әкімнің отбасынан қорғауды қолға алыпты. Әрі жалғыз Әлиямен шектелмеймін деп отыр.
Баян Мақсатқызы, продюсер:
- Никто не имеет право поднимать руку на женщину. Только по том праву что ты сильнее. Все. Я сама это перенесла. И мне очень больно. Что я ничего не могла сделать. Ни моя известность, ни мой талант, ни мои работы, меня ничего не защитило. Только потому что слабая. И таких женщин как я пол страны.
Шын мәнінде, қазір Мақсатқызынан араша сұрайтындар көбейген. Мұның бәрі танымал әйелдің өзі де тұрмыстық зомбылықтың құрбаны екені белгілі болған соң басталыпты. Қазір оның мақсаты отағасынан таяқ жегендер бас сауғалай алатын арнайы мекемелер барын көптің құлағына жеткізу.
Баян Мақсатқызы, продюсер:
- Я знаю что в стране существует более 100 таких организации по защите прав женщин. А вы знаете сколько женщин которые даже не знают что такие приюты существуют. И это надо доносить. А кто это будет доносить, громче чем я??!
Қазір Әлия да осындай әлеуметтік мекемеде өмір сүруде. Бірақ, онда әрі кетсе жарты жыл тұра алады. Ал, бұл уақыт әйелдердің өз-өзіне келуіне тым аз дейді Баян. Оны өз тәжірибесінен біледі. Өйткені, Бақытбек Есентаевтың соққысының кесірінен, әлі күнге дейін дәрігер жағалап жүр екен.
Айта кетсек, елімізде жылына 500-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Былтыр полицейлерге соққыға жығылған 5300 келіншек жүгініпті. Ал, биыл жарты жылдың ішіндегі шағымдар саны 3700-ге жуықтады. Бұл статистика отбасындағы зомбылықтың артқанын көрсетіп отыр.
Бүгін осы мәселеге келгенде еліміздегі заңның әлсіз екені де айтылды. Продюсердің айтуынша, Еуропада әйелімен сөйлесуді қойған еркектердің өзі жазаланады екен. Нәзік жандарды қорғап жүрген белсенділер енді құзырлы орындармен бірлесе жұмыс істеуге кіріспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!