{metadescription}
Бензин бағасы арзандай ма?
Бензин бағасы арзандай ма?

Бензин бағасы арзандай ма?

Ал «ҚазМұнайГаздағылар» Энергетика министрінің болжамын жоққа шығарды. Күні кеше ғана Қанат Бозымбаев желтоқсанның басында бензин бағасы арзандайды деп, елді елең еткізіп қойған. Алайда, бүгін мұнай компаниясындағылар жанармай құны бір тиынға да төмендемейтінін мәлімдеді.

Данияр Тиесов, «ҚазМұнайГаз» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы:

- Егер отандық бензиннің бағасын төмендетсек, онда біздің жанармайды көрші елдер талап әкетеді. Бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет айттық. Сондықтан Ресей мен Қазақстандағы баға бірдей болуы тиіс. Екі арадағы тепе-теңдік бұзылса, артық бензин экспортқа кетеді.

Тиесовтың айтуынша, мұнай өңдеу зауыттары толық іске қосылса, елімізде бензин керісінше профицит болады. Яғни, жанармай қоры сұраныстан бірнеше есеге артады екен. Осылайша, ұлттық компаниядағылар Энергетика министрінің екінші мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. Бозымбаев бұған дейін ішкі нарықтағы солярка тапшылығын жою үшін төртінші зауыт салу қажет деген еді. Ал «Қазмұнайгаздың» топ-менеджерлері күрделі жөндеуден шыққан Павлодар зауыты тәулігіне 3700 тонна дизель отынын өндіретін  болады, сол жеткілікті деген сенімде. Оның үстіне, қалған екі зауыт желтоқсанда толық іске қосылуы тиіс. «ҚазМұнайГаздағылар» Атырау зауытындағы жөндеу жұмыстарының не үшін екі жылға кешіккенін де түсіндірді. Бәріне Қытайдың құрылыс компаниясы кінәлі екен. Шетелдіктер  келісімде көрсетілген қаржы көлемін арттыруды талап еткен. Жалпы, қазір елімізде 200 мың тонна АИ-92 маркалы бензин қоры бар. Бірақ АИ-95 кейбір аймақта әлі де тапшы. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан областарында АИ-95 тек талонмен сатылуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде