{metadescription}
Алматыда ірі даңғылға президент есімінің берілуін тұрғындар қалай қабылдады?
Алматыда ірі даңғылға президент есімінің берілуін тұрғындар қалай қабылдады?

Алматыда ірі даңғылға президент есімінің берілуін тұрғындар қалай қабылдады?

Алматылықтар енді президенттің есімін жиі қайталайтын болды! Өйткені, қаладағы ең негізгі көшелердің бірі - Фурманов көшесінің атауы бұдан былай Тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгертілді. Көшеге Ұлт көшбасшысының атын беруге Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссия да бірауыздан келіскен. Соның нәтижесінде, қалалық мәслихаттың отырысында таңатысымен осындай шешім қабылданды. Бәрінен бұрын үйлерінің маңдайшасына анау-мынау емес, мемлекет басшысының есімі жазылатынына көше тұрғындары дән риза.

Бұл көшенің бұған дейін де орны бөлек болған. Алып шаһардың оңтүстігі мен солтүстігін жалғаған жолдың енді президент атымен аталуы да кездейсоқтық болмаса керек. Өйткені, күрежол о бастан үкіметтік жол саналады. Яғни, Алматыға арнайы ат басын бұрған ірі шенеуніктер кортежі тек осы арамен өтеді. Бәрінің алдын орап, көшеге бірінші боп прездидент атын қойған алматылықтардың әрекеті, әсіресе астаналықтарды қызғандырған. Әйтсе де, құттықтауларын жаудырып жатты. Елбасының есімін енді тек өздері ғана емес, жұртшылықтың да жиі айтып жүретініне парламенттегілер де дән риза.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Ұлт көшбасшысы жоғары құрметке лайық! Өйткені, елдің біртұтастығы, тыныш мемлекетке бейбіт өмір сүріп жатқанымыз президенттің арқасы. Ең қиын кезеңдерді бастан кешірдік. Десе де экономиканы дамыта алдық. Оның үстіне, біздің Елбасы бүкіл әлемге танымал тұлға. Халықаралық терроризмге қарсы шығып, ядролық қаруға қарсылық білдірген бірден-бір тұлға. Сондықтан, бұл шешімді өте орынды деп есептеймін.

Бәрінен бұрын көше тұрғындарының қуаныштан төбесі көкке жеткен. Мекен-жайлары анау-мынау емес, мемлекет басшысының атымен аталғанын мақтан етіп, жора-жолдастарынан сүйінші сұрап жүр.

Назгүл Шынасылова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Өте ризамын, қуаныштымын әрине! Фурманова емес, біздің Елбасы президент Назарбаевитың көшесінде тұрам. Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болғанына мақтан тұтамыз.

Президент есімін басқа шетелдіктер де күнделікті айтып жүр. Иорданияның Амман қаласы, Шешенстан мен Татарстанның астаналарында және Түркияның бірнеше ірі қаласындағы көшелерге Нұрсұлтан Әбішұлының есімі берілген. Алматыға да аты бүгін берілгенімен, жол белгілері әлі ескі атаумен тұр. Жақын күндері көшенің төрінен жаңа тақтайшалар орын алады. Елбасы есімі дүкендер мен тұрғынүйлерге таңбаланып жазылады. Астаналық әріптестерінің алдын орап кеткен алматылық шенеуніктер бәрін жақын күндері жайғастырмақ.

Қали Сәрсенбай, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

-Мемлекетке осындай қызмет етуі, осындай жанкешті жұмыс жасауы бұл әрине қалай мақтасақ та жарасады деп ойлаймын!

Бұл көшенің атауы тек 3 мәрте өзгертілген. Бірінші- Лепсі, кейін революционер, әрі жазушы Дмитрий Фурмановтың аты берілген. Кеңес кезінде қойылған көше атауы ширек ғасырдан кейін енді ғана қазақшаланып отыр.

Ұлт көшбасшысының есіміне ие болған көшеде Елбасының резиденциясы, әрі Алматы қаласы әкімдігі мен республикалық мұражайдың орналасқанын айта кетейік. Метро стансаларының көпшілігі осы көшенің бойында. Әрі осы көшеде жол қозғалысы өте қатаң. Яғни, көліктердің тоқтауына тыйым салынған. Әрі Елбасының көшесінде тек оңға ғана бұрылуға рұқсат етілген. Қаладағы ең көрікті көшеге президент есімін беруді көптен бері сұрап жүрген алматылықтар Елбасының ертеңгі мерекесіне осындай ерекше сый тарту етті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде