Алматыда стилистер мен бет әрлеушілер сайысқа түсті
Бьюти байқау! Бүгін Алматыда еліміздің әр өңірінен жиналған стилистер мен бет әрлеушілері өз бақтарын сынады. Сайысқа 200-ге жуық қатысушы ұсыныс білдіріпті. Бұл байқаудың ерекшелігі жас өспірімдер үздік шеберлермен сайысқа түседі. Ал кеш жеңімпазы тек екі күннен кейін белгілі болмақ.
Автор: Аида Мағыпар
30.11.2017
Отандық бьюти-индустрияның қызметіне он жылдай ғана уақыт болса да, қазақстандық шеберлерінің осы нарықты қарқынды игеріп жатқанын байқауға болады. Жыл сайын жаңа байқаулар мен түрлі іс шаралар өткізіліп- үздік стилистерді халыққа таныстыруда. Осынау үрдіс 2017 жылы да ұмыт қалмаған сынайлы. Яғни, сән десе ішкен астарын жерге қоятындар үшін бүгін үлкен мереке. Бір шанырақ астында шаш сәнгерлері, бет әрлеушілер және сұлулыққа қатысы бар жандардың барлығы осында. Шеберлер қысқа уақыт ішінде моделді бояндырып, сәнді шаш үлгісін жасап, қазылар алқасының көңілінен шығулары тиіс. Себебі әділ қазылар бөлек элементтерді емес, түгел бейнені бағалайды, ол үйлесімді және аяқталған образ болуы тиіс.
Махмуджан Тұрсын , Ұйымдастырушы:
- Мұндай чемпионаттардың басты мақсаты жастардың шығармашылық қарымын шыҢдау. Елімізде осымен 3-рет өткізіліп жатқан бұл шара алдағы уаққытта да жалғасын табады деген ниеттеміз. БайқаудыҢ басты ерекшелігі қатысушылар сыйлық немесе ақша үшін сайысқа түспейді. Бұл жерде ең бастысы шығармашылық пен өнер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!