{metadescription}
Семейде Тұңғыш президент күні қарсаңында ірі флешмоб өтті
Семейде Тұңғыш президент күні қарсаңында ірі флешмоб өтті

Семейде Тұңғыш президент күні қарсаңында ірі флешмоб өтті

Семейде Тұңғыш президент күні қарсаңында «Менің Елбасым» тақырыбында флешмоб өткізілді. Бұл мерекелік шараға 300 жүзге жуық адам қатысты. Олардың қатарында студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

Ең басында бір сәтте 20-ға жуық домбырашы күй орындаса, артынша әскери оркестр мерекенің көркін қыздыра түсті. Ал қолдарына бір-бір ту алып жиналған студенттер мен мемлекеттік қызметкерлерге өнерпаздар рухты әндерден шашу шашты. Ата-бабаларымыздың тәуелсіз Қазақ елін құру жөніндегі аманатын орындаған Нұрсұлтан Назарбаевқа семейліктер осылай қолдау білдіруді жөн көрді дейді шараны ұйымдастырушылар.

Назерке Аққожина, Семей қаласы мәдинет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

-Бұл шараның мақсаты Елбасы күніне орай Семей жастары мен тұрғындары Елбасының саясатын қолдайтындығын, еліміздің, қаламыз бен облысымыздың дамуына өз үлестерін қосатындығын көрсету. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде