Трамптың қызының саясатқа араласуы Тиллерсонға жақпай қалды
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның қызметтен кетпегенін мәлімдеді. Ал бұл елдің белді ақпарат құралдары алпыс тоғызыншы хатшының отставкаға кететіндігін жарыса жазып жатыр.
01.12.2017
Ресми мәлімдеме жасалмаса да қаңқу сөздің тарауына толық негіз бар. Осы айдың 26-сы күні Рекс Тиллерсон АҚШ-тың белді шенеуніктерінен құралған делегацияны Үндістандағы жаһандық саммитке жібермей қойды. Оның себебі, сол делегацияны Трамптың қызы бастап бармақ болған екен. Бұл мемлекеттік хатшыға ұнамай қалыпты. Өйткені, АҚШ-тың сыртқы саясатында президенттің қызының салмағы арта түскені жақпаған секілді. Оның үстіне, америкалық баспасөз өкілдері Тиллерсон мен Трамп арасында да салқынқандылық бар екенін біраздан бері жазып жүр. Егер журналистердің болжамы расталса, мемлекеттік хатшының орнын АҚШ орталық барлау қызметінің директоры Майк Помпео басады деген сыбыс бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!