{metadescription}
Павлодарда жолақысының қымбаттауы жұрттың ашуын туғызды
Павлодарда жолақысының қымбаттауы жұрттың ашуын туғызды

Павлодарда жолақысының қымбаттауы жұрттың ашуын туғызды

Павлодарда жол ақысы 10 теңгеге қымбаттады. Бүгіннен бастап шаһардағы қоғамдық көліктерде жолаушылар 80 теңгемен қатынауда. Бұған жергілікті тұрғындар, әрине, наразы. Ал атқамінерлердің айтуынша, тарифтің өсуіне тасымалдаушы компаниялардың шығынға батуы себеп. Бұған қоса, жанар-жағармай құнының көтерілуі де әсер еткен. Жұртты сабырға шақырған шенеуніктер жаңа жылдан бастап керекуліктер үшін бұрын-соңды болмаған жағымды жеңілдіктер болады деп ант-су ішуде.

Жол ақысының дәл бүгін қымбатnағаны қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күйіне жақпағаны анық. Өйткені, оларды қоғамдық көліктерде жылы қабылдап жатқан ешкім жоқ. Іштегі кондукторлартаңнан бері жол ақысының енді 70 емес, 80 теңге екенін жариялап әлек. Бұны, әрине, жұрт жақтырып жатқан жоқ.

Ілияс Ісләмұлы, зейнеткер:

-Зейнетақымызды бірге көтеріп отырса жарайды, қалып бара жатырмыз. Шыдаймыз, көреміз, көнеміз. Қайтеміз енді?

Марғұлан Нағашыбай, студент:

-Стипендия аламыз, өзіміздің тамағымыз бен жолақымыздан ауыспайды. Одан басқа оқу-құралдарын алуға жетпей қалалды, мысалға. Өзіміз жеткізе алмай жатқанда, оның үстіне жол ақысы көтеріліп жатыр.

Ал атқамінерлердің айтуынша, тасымалдаушылар әуелде жол ақысын 70 теңгеден 90 теңгеге бір-ақ көтеруді ұсыныпты. Бірақ жұрт пікірін ескерген депутаттар10 теңгелік өсімді қабылдап дауыс берген екен. Бұл баға шаһардағы автобустармен қоса трамвайларға да қатысты болмақ. Ал тарифтің өсуіне тасымалдаушылардың шығынға батқаны себеп.

Салтанат Әкімбекова, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:

– Тасымалдаушылар ұсынған есептің бәрі зерттелді. Қосалқы бөлшектер мен коммуналдық қызмет құны өскен.Бұған қоса, биыл жанар-жағармай бағасы қымбаттады. Осы жайттар ескеріліп, жол ақысын 10 теңгеге көтеру туралы шешім шығарылды.

Ал мектеп жасына дейінгі балалар қоғамдық көліктерде бұрынғыдай тегін қатынай алады. 7 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылар мен зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер де сақталады. Жалпы, облыс орталығында күніне қоғамдық көлік қызметін 260 мыңға жуық адам пайдаланып, 159 автобус пен 77 трамвай жолаушы тасымалдайды. Ал жол ақысының құны шаһарда соңғы рет былтыр тамызда көтерілген болатын.

Жол ақысын 10 теңгеге қымбаттатқан шенеуніктердің жағымды жаңалығы да жоқ емес. Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, жаңа жылдан бастап, керекулік жастар үшін арнайы жеңілдіктер жасалмақ. Нақтырақ айтқанда, қаңтардың бірінен мектеп оқушылары мен студенттер қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болады. Барлық шығынды тасымалдаушылар өз мойындарына алуға келіскен көрінеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде