{metadescription}
Алматы облысында балыққа таласқандар жазаланатын болды
Алматы облысында балыққа таласқандар жазаланатын болды

Алматы облысында балыққа таласқандар жазаланатын болды

Тегін балыққа қарық болғандар жазаланбақ. Су жануарларын заңсыз жолмен аулаған бір топ адам айыппұл арқалайтын болды. Олардың бұл әрекеті түсірілген видео 3 күн бұрын әлеуметтік желіде тараған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі бейнежазбаны зерттеп, оқиғаның Алматы облысындағы Боралдай ауылында болғанын анықтаған.

Ер адамдардың балық аулауға білек сыбана кіріскені сонша, суға киімдерімен кіріп кеткен. Сөйтіп, шоршыған балықтарды қармауға тырысуда. Анықталғандай, бұл «Илирригация» кәсіпорнына қарасты жасанды су қоймасынан ағызылған су екен. Бұған дейін, сол жердің тасқынға дайындығын тексеру барысында, оны жалға алушылардың бірнеше заң бұзушылыққа жол бергені анықталған. Сөйтіп, қойманы дереу жөндеу туралы шешім шығыпты. Бұл үшін ондағы суды ағызуға тура келген. Міне, жергілікті тұрғындар осы сәтті пайдаланып, жаппай балық аулауға кіріскен екен. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер жануарларды қолмен аулағандарды жазаға тарту туралы полицейлерге хат жолдамақ.

Сәкен Ділдахмет, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы:

- Алдымен, су қоймасының зақымдалған бөлігін жедел жөндеу туралы шешім қабылданған. Кейін оны судан босату қажеттілігі туындады. Бұл туралы жалға алушыға алдын ала ескертілген. Ал, ретсіз балық аулау шаруашылыққа ие адамдардың келісілмеген әрекетінің салдарынан туындап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде